КӨМЕККЕ МҰҚТАЖДАР ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті  «Біз біргеміз» және “Жүрек жылуы” акциялары аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж петропавлдық отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуде.

Төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин көпшілікті үйреншікті айлық табысынан айырғаны рас. Осыған орай бүгінде «Қызылжар» орталық мешітіне көмек сұрап хабарласушылар көбейіп отыр.        Мешіт қызметкерлері олардың бәріне шама-шарқынша қолдау көрсетуге тырысуда. Мәселен, жуырда мешіт имамдары кезекті рет көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін азық-түлік сатып алып, үйлеріне апарып берді. Сонымен қатар мешітте жұмыс істейтін, бірақ карантин кезінде үйлерінде – бала-шаға жанында отыруына тура келген қызметкерлерге де азық-түлік пакеттері жеткізілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲