Қасиетті төрт айдың бірі – Ережеп айының басталуына орай кеше «Қызылжар» орталық мешіті петропавлдық қарт-қариялар мен жамағат қауым үшін ауызашар берді.
Бұл ұлық айда ораза ұстауға бекінген жұртшылықты мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай құттықтап, Ережеп айының барша мұсылмандар үшін орны бөлек екенін атап өтті. Алланың айы саналатын бұл кезеңде қайырымды істерді атқарып, құлшылықтарды көптеп жасасғандар үшін сауабы да молырақ болары сөзсіз. Алладан шын кешірім сұрап, тәубесіне келген пенденің дұға-тілектері де қабыл болмақ. Ережеп айының осындай мән-маңызы жөніндегі уағыз-әңгімелерден соң, дастарқан басына жиналғандар арасында викториналық ойын жүргізілді.