«Қызылжар» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің бөлім басшысы Рақымжан Әкімбековтің және облыстық діндер басқармасының басшысы Мұратбек Зейнуллиннің қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Шара барысында Нұр-Мүбарак университетінде оқып жатқан солтүстікқазақстандық түлектерді жұмыспен қамту мәселесі көтеріліп, аталмыш мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылды. Кездесу соңында алдағы уақытта мұндай мәселелерді жиі қарастыруға уағдаласты.