Қырғызстан мұсылмандарының Бас мүфтиі сайланды

Кеше 4 сәуір күні Қырғызстанда Қырғызстан мұсылмандарының VI құрылтайы өтті. Құрылтайдың шешімімен Қырғызстан мұсылмандарының Бас мүфтиі қызметіне Мақсатбек қажы Токтомушев бекітілді. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандарының баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсатбек қажы Токтомушев 2014 жылдан бері Қырғызстан мұсылмандарының Бас мүфтиінің міндетін атқарып келген болатын. Ұзақ жылдардан бері түрлі діни қызметтерде болды. 2005-2013жж. «Абдулла ибн Масғуд» медресесінің ұстазы, 2008-2010жж. имам-хатиб, 2010-2013жж. Бишкек қаласының қазысы, 2013-2014жж. Мүфтидің орынбасары қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, құрылтайда Қырғызстан мұсылмандарының Ғұламалар Кеңесінің жаңа құрамы нақтыланып, оның төрағасы ретінде Абдішүкір қажы Нарматов тағайындалды.

Абдішүкір қажы Нарматов 2000-2003жж. «Әзіреті Омар» атындағы ислам институтының ректоры, 2003-2006жж. «Алтын муун» қайырымдылық қорының директоры, 2003-2007жж. Азия мұсылмандары комитетінің үгіт-насихат бөлімінің басшысы, 2006-2016жж. Қырғызстан Ислам Университетінің ректоры болып еңбек еткен.

muftiyat.kz сайтынан

 

Return to Top ▲Return to Top ▲