ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен VIII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Іріктеу сайысқа Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласынан және жергілікті қарилар бақтарын сынады. Атап айтсақ жиырмаға жуық қарилар төрт номинация бойынша өздерінің жаттау қабілеттері мен мәнерлеп оқу бойынша бақтарын сынады. Аталмыш іс-шараға «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, және найб имамы қари Файзиев Мұхаммад Кутб, Ақмола облысы «Науан хазрет» орталық мешітінің ұстазы Махмуд Такен Тұрдақынұлы әділқазылық етті.

Сайысты қортындылай келе қатысушы қариларға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар және сыйлықтар үлестіріліп, VIII республикалық  Құран жарысына төрт номинация бойынша жолдамалар табысталды. Сайыс соңында СҚО бойынша өкіл имамы  арнайы 30 пара бойынша Даукен  Қайырбай 20 пара бойынша Хакимов Ахмадходжа 10 пара бойынша Хакимов Азизходжа және мәнерлеп оқудан Шоманов Алмас қариларға жолдамаларды табыстады.

Return to Top ▲Return to Top ▲