Рамазан – жомарттық айы. Сондықтан осы айда ауызашар берудің сауабы зор. Осыны пайымдайтын басшылар, кәсіпкерлер және басқалары да ораза бойы «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен күн сайын ауызашар берілуін ойдағыдай орындауда.
Міне, осылардың қатарында қарапайым қайырымды азаматтар да бар. Бейсенбі күні Темірхан Нұрмолдин, Мұқан Садуов және Асхат Исенов деген азаматтардың «Қызылжар» орталық мешітінің үлкен асханасында дастарқан жаюы осының бір мысалы. Ауызашарға жиналғандар сауапты амалға ризашылықтарын білдірді. Сауапты шара «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлының ораза құлшылығына қатысты уағызымен аяқталды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі