«Ғабдолбәри» мешітіндегі мереке. (видео)

Благовещенка ауылы мұсылмандардың ортақ мерекесі – Мәуліт күнін қарсы алды. Мұхаммед пайғамбардың туған күнін атап өту үшін ауылдың мәдениет үйіне қалалық және аудандық мешіт имамдары, ауыл молдалары және өңір тұрғындары жиналды.

Мереке «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мұхаммад Файзиевтің Құран оқуымен басталды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туған күні туралы уағыз айтты. Шара барысында Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірі туралы сахналық көріністер қойылды. Әншілер әннен шашу шашты.

Мереке соңында Мәулітке жиналғандарға дастархан жайылып, ас берілді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲