Ораза қарсаңындағы ойлар

«Қызылжар» орталық мешітінде Рамазан айына арналған баспасөз маслихаты өткізілді. Онда ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қасиетті айға дайындық және ораза туралы баяндап берді. Рамазан айының тағылымын түсіну, нәтижесінде тақуалыққа көбірек ден қою қажеттігі айтылды.

Басқосу барысында өңір мешіттерінде ұйымдастырылатын шаралар да тілге тиек етілді. Мәселен, «Қызылжар» орталық мешітінде облыс орталығындағы 8 мұсылман диаспорасы ауызашар бермек. Қызылжар қажылары да топтасып, тұңғыш рет дастархан жайғалы отыр. Жылдағыдай биыл да тарауық сайын хатым түсірілетін болады.

Шара соңы журналистердің сауалдарымен тәмамдалды.

dsc05014 dsc05016  dsc05040

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲