ЖАНТ мүшелері – Айыртауда

«Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қанат Жылқыбайұлы мен осы мешіттің ұстазы Хамзат Қажымұратұлы  Айыртау ауданында болды. Онда наиб имам Саумалкөл орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында  «Шынайы мұсылманның келбеті» деген тақырыпта уағыз айтты. Соңында оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап қайтарылды.  Ал мешіт ұстазы сондағы 164\8 қатаң режимдегі колонияда болып, діни бағытта сотталған адамдармен кездесу өткізді.  Содан кейін «Қызылжар» мешітінің қызметкерлері «Қайрош ата» аудандық мешітінде жұма намазына қатысып, уағыз айтты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

6b0218a3-13b3-4eb0-a087-e1177dc24655 0435d39c-080d-4868-9da3-e1787f3c3d7f

Return to Top ▲Return to Top ▲