БАС ИМАМ УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНДА

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков іс-сапармен Уәлиханов ауданына барды. Сапар барысында алдымен өңірдің бас имамы аталған ауданның әкімі Қайрат Пішенбаевпен кездесіп, діни ахуал талқыланды.

Бұл күні Уәлиханов ауданында «Ел үлесі- пәтерге» жобасы аясында аудан орталығының тұрғынына баспананың кілті табысталды. Салтанатты іс-шараға қатысқан  облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы көмекке мұқтаж отбасыға №522 үйдің кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады. Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті кәсіпкерлер ат салысты. Мерейлі іс-шарада үйлі болған игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағаттарға шексіз ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік бұл еліміз бойынша беріліп отырған 522-ші баспана. Мұндай қайырымдылық шарасы еліміз бойынша ұйымдастырылып жатыр.

Кейін Хамзат Қажымұратұлы аудан орталығындағы мешітке барып, жергілікті жамағатпен кездесті. Қасиетті жұма уағызын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲