Аудан орталығында ауызашар берілді

Ережеп айының құрметіне М.Жұмабаев аудандық «Береке» мешітінің ұйымдастыруымен ауыз бекіткен адамдарға ауызашар берілді. Аудан имамы Жеңіс Шимпаев өзінің уағызында Ережеп айының ерекшелігі туралы намазхандарға айтып берді.

Бұл күні қайырымдылық жасаған демеушілер болды. Нәтижесінде екі қой сойылып, еттері тұрмысы төмен отбасыларға таратылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲