Әйелдер-қыздар секторының өкілі – Қызылордада

Бүгін ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева Қызылорда шаһарында болған сапарында қаланың «Айтбай» мешітінде болып, жергілікті жамағатпен жүздесті. Кездесуге мешіттің Индира есімді ұстазы мен қаладағы «Сұлтан» мешітінен Наргиза ұстаз қатысты.

Әйелдер қауымына мұсылмандар арасындағы бауырмалдылықтың беріктігі, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, өзара кешірімді болып, бауырымыздың атын дұғаға қосу сынды мұсылманшылық ізгі сипаттар жайында тұшымды уағыз-насихат айтты. Әсіресе, мұсылманның өзге мұсылман бауырына қатысты хадисте келген 6 міндеті барын айтып, аталмыш міндеттерге немқұрайлылық танытпай, амал етуге тырысуымыз керектігіне баса мән берді. Атап айтқанда, мұсылман бауырының сәлеміне жауап беру, шақырса, бару, қажет кезінде кеңес беру, бауыры түшкіріп, Аллаға мадақа айтса, «Алла сені жарылқасын» деп жауап беру, ауырса зиярат етіп, жаназа намазына қатысу.

Бұдан бөлек бір мазһабты ұстану, достық, туыстық қарым-қатынасты сақтаудың сауабы мен керісінше мұндай қатынасты үзудің кесірі туралы айтты, қос мұсылманның үш күннен артық араздаспайтындығын алға тартып, жамағатты тату болуға шақырды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұсылманның мұсылманға тілеген дұғасының сөзсіз қабыл болатындығы жайлы хадисін мысалға кетіріп, жамағатта үлкен мен кішінің бір-біріне өзара жақсы ниетте, тілектестікте болуы керектігін түсіндірді. Пайдалы уағыз-насихат тыңдаған әйелдер мен қыз-келіншектер Ақтөбе мешітінің ұстазына зор алғыстарын білдіріп, қосымша сауалдарын жолдады.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲