Шал ақын ауданындағы мәуліт

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Шал ақын ауданының Ы.Ыбраев ауылы  «Бадана би» мешітінде пайғамбарымыз Мұхаммет Мұстафа с.ғ.с.-ның туылған күніне орай Мәуліт мерекесі  аталып өтілді.  Мереке  барысында  «Сейдахмет хазрет» мешітінің бас  имамы   Шопан Жолкенұлы мен Жаңажол ауылының  наиб имамы Асқар Бөкешұлы жиналған жамағатқа мәуліт мерекесін кеңінен баяндап, салауат жырын  оқыды.  Мерекенің жалғасын ауыл молдасы Қасымов Қайролла қажының даярлаған шәкірттерінің діни өлең жолдары жалғастырды.  Кеш соңында көпшілікке арнап қайырымдылық  ас берілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲