Сотталғандардың арасындағы діни экстремизмнің алдын алу

Экстремизм мен терроризмнiң алдын алу жөнiндегi ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы шеңберiнде 2015 жылғы 30 қаңтарда ЕС 164/3 мемлекеттiк мекемесiнде СҚО дiн iстерi басқармасының, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлерi, облыстық прокуратураның өкiлдерi  сотталғандармен әңгiмелестi. Кездесу барысында дiни саладағы қолданыстағы заңнаманың талаптары, бүлдiргiш дiни қозғалыстардың азаматтардың дiни өмiрiне зиянды ықпалы түсiндiрiлдi.

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат сотталған азаматтарға «Шынайы саляфтардың ақидасы қандай болған?» тақырыбында уағыз айтты.

Return to Top ▲Return to Top ▲