РАМАЗАН АЙЫ ҰЛЫҚТАЛУДА

Қасиетті Құранда атап көрсетілгеніндей, адамзат ардақ тұтатын игі қасиеттердің бәрі де имандылық арқылы қалыптасады. Міне, осы құндылықтарды жұртшылыққа жеткізу және Алланың алдындағы сауабы мол осы іске жамағатты жұмылдыру мақсатында облыстық «Қызылжар» және қалалық, аудандық мешіттердің имамдары Бас мүфтидің Оразамен құттықтауын, Үндеуін, жалпы Рамазан айының рухани мән маңызын насихаттауда.

Атап айтар болсақ, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл  және “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы  қасиетті Рамазан айының мәртебесі мен мерейін көтеру үшін оразаның маңызын жамағатқа БАҚ арқылы жеткізді.  «Қазақстан Петропавл» телеарнасының «Біз айтпасақ» токшоуы түсірілімі Рамазан айының құрметіне арналды. Облыс және  қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдарының қатысуымен өткен бағдарламада көрермендерге Рамазан айының рухани мән маңызы, облыс мешіттерінің дайындығы жөнінде айтылды.

Сонымен қатар бас имам алдағы Рамазан айына орай жергілікті МТРК телеарнасының «Диалог» бағдарламасына да сұхбат берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

DSC03692.jpg (640×480)

DSC03704.jpg (640×480)

DSC03685.jpg (640×480)

Return to Top ▲Return to Top ▲