28 сәуiр күні Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы және «Қызылжар» қалалық мешiтiнiң бас имамы Исаев Қасымхан қажы Абдұллаұлы арнайы үлкен православие мерекесі – Пасхамен құттықтау үшін Вознесенский кафедралды шiркеуiне келдi. «Қызылжар» орталық мешiтінiң бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы аталмыш мерекеде дінаралық келісім – Еліміздің бейбітшілік пен татулығының кепілі екенін айтып өтіп, мерекемен құттықтады.