Аллаһ тағала Қасиетті Құран кәрімде: «Сондай білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?», – деп, ілімнің дәрежесі қаншалықты биік екенін көрсеткен. Сондай-ақ Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде ілім алудың әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз екені айтылады. Осы орайда, діни ілім үйренуге ниеті бар әр адам үшін елімізде діни оқу орындар жұмыстар атқаруда. Назарларыңызға аталмыш оқу ордалары жайында, сондай-ақ оқуға түсуге ниеті бар талапкерлерге қажетті ақпарат ұсынамыз:
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бакалавр бөліміне қабылдау ережелері
Университет Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы үкіметтерінің арасындағы халықаралық келісім негізінде ашылған. Келісімшарт ҚР Парламентінде ратификацияланды, 2003 жылдың 2 шілдесінде президент Н.Ә.Назарбаев бекіткен соң заңға айналды.
Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінен лицензия берілген АА №0000189, мемлекеттік аттестациядан өткен.
«Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті»–Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны.
Университетте осы заман талабына жауап бере алатын дінтанушы, араб тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылары даярланады. Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Университетте Египет пен Қазақстанның мамандарының ынтымақтаса еңбек етуіне жол ашылған. Сондай-ақ үкіметаралық келісім Египеттің оқу, ғылым саласындағы білікті мамандарын шақыртуға мүмкіндік туғызып отыр. Студенттердің араб тілін меңгеру қабілетін арттыру мақсатымен, Египеттің әл-Әзһар, Каир, айн-Шамс, Александрия, Әлмения университеттерінен білікті доктор- профессорлары шақыртылған.
Университетте сабақ араб тілінде жүргізіледі.
Университет студенттеріне Египетте курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантура білімін тереңдетуге мүмкіндік жасалады.
Екінші курстан бастап, үздік оқитын студенттер Египеттегі әл-Әзһар, Ескендерия, Әлмения университеттеріне практикаға жіберіледі.
Университетке жаңа оқу жылында төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылданады:
Бакалавр бөлімнің мамандықтары:
«5В021500 – Исламтану» (ерлер және қыздар бөлiмi)
«5В020600 – Дiнтану»
«5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» .
(араб, ағылшын тiлдерi).
( ағылшын, араб тiлдерi).
Сырттай бөлім «5В020600–Дiнтану» (Екінші жоғары білім).
Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден Құран, Ақида ілімдері бойынша шығармашылық емтихан алынады, сондай-ақ Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіледі.
Жоғары оқу орнын бiтiрушiлер «5В020600 – Дiнтану», «5В021500-Исламтану» мамандықтарына, араб колледжiн бiтiргендер «050119-Шет тiлi: екi шет тiлi» мамандығынақысқартылған бағдарламамен сұхбаттасу арқылы түсе алады.
Талапкерден төмендегі құжаттар талап етіледі:
– Сертификат
– аттестат/ диплом (түпнұсқа);
– Фотосурет (3х4) 6 дана;
– 086-у үлгідегі медициналық анықтама;
– жеке куәлік (көшірмесі).
Ескерту. Исламтану мамандығына тапсыратын талапкерлерден наркологиялық диспансерден, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.
Университеттің барлық мамандықтарының лицензиясы бар және мемлекеттік үлгідегі диплом береді. Сонымен қатар университеттің «5В020600–Дiнтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім беруге лицензиясы бар. Бұл мамандыққа Қазақстанның немесе шетелдің жоғары оқу орнын бітірген тұлғалар түсе алады.
Мекен – жайы: Алматы қаласы, Әл –Фараби даңғылы, 73;
«Академиялық қалашығы» аялдамасы;
№ 63, 127, 136, 86 автобустарымен келуге болады.
Байланыс телефондары:
8 (727) 302-09-40
8 (727) 302-09-34
Факс: 8 (727) 302-09-30.
Сайт: WWW.NMU.KZ
E-MAIL: Nur-Mubarak2001@mail.ru
ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ МЕДРЕСЕСІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Әбу Бәкір Сыддық медресесіне толық орта білімі немесе арнайы орта білімі бар, оқуға денсаулығы жарамды, жасы 17-25 аралығындағы азаматтар қабылданады.
Медреседе тиiмдi сапалы бiлiм алуға қажеттi жағдайлар жасалған. Оның үлкен әрі жылы намаз оқитын мешіті, сондай-ақ кең сыныптары, жатақханасы, кітапханасы, компьютер бөлмесі, асханасы және спорт алаңы бар.
Медреседе Құран, ақида, фиқһ, хадис, тәпсір, ислам тарихы, мазхабтар тарихы, діндер тарихы, ислам әдебі, көне түркі тілі және араб тілі секілді пәндер, сондай-ақ Қазақстан тарихы, қазақ тілі, мәдениеттану, философия, құқық, саясаттану және қазақ ойшылдары, әлеуметтану, педагогика және психология сияқты пәндер оқылады.
Жыл сайын емтихандар мен сынақтарды өткізіп, шәкірттерге қыста екі апта, жазда екі ай демалыс берiледі. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, ақысыз. Үш мезгіл тегін тамақ беріледі, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Оқуды сәтті аяқтаған шәкірт мемлекеттік үлгідегі диплом алып, қызметпен қамтамасыз етіледі немесе отандық яки шетелдік жоғары оқу орындарына жолдама беріледі.
Қабылдау емтиханы тамыз айында қазақ тілі және Қазақстан тарихынан өтеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлігі көшірмесі;
2. Аттестатынемесе дипломы /түп нұсқасы/;
3. Фотосурет 3х4 /4 дана/;
4. №086 у. мед.анықтама;
5. Психиатрдан анықтама.
Мекен-жайы:
Павлодар қ., Мүткенов көшесі, 52/2
Байланыс телефоны: 8 (7182) 62-39-85, 62-00-11, 8 (71 82) 35 82 22
САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕСІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Медресенің оқу жүйесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі басшылығымен жүргізіледі. Бітіруші түлектерге исламтану мамандығы бойынша төмендегідей біліктіліктер беріледі:
01 «Имам-хатиб»
02 «Ислам негіздерінің мұғалімі»
Оқу түрі – күндізгі. Техникалық және кәсіптік білім берудің мерзімі – 2 жыл 10 ай.
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Мемлекеттік лицензиясы: № 0142687 Серия АБ
Медресе оқу ғимараттары, кітапхана, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медресе студенттеріне компьютер дәрісханалары мен кең лекциялық аудиториялар, спорт алаңы және арнайы салынған мешіт қызмет көрсетеді.
Медреседе жоғары тәжірбиелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.
Қабылдау шарттары:
Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
Ер балалар бөлімі
– Медресе директоры атына өтініш.
– Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.
– Өмірбаян.
– Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)
– 086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама. + (флюра)
– Психодиспансерден анықтама
– Наркодиспансерден анықтама
– Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)
– Жеке куәліктің көшірмесі.
– Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.
– Тұрғылықты жерден анықтама.
– Сотталмағандығы жөнінде анықтама.
– Конверт.
– Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)
Мекен-жайы:
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1
Байланыс телефондары: 8(725 37) 5 52 92,
Email- kazmedrese@gmail.com
Қабылдау шарттары:
Қыздар бөлімі
Медресе студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:
– Медресе директоры атына өтініш.
– Өмірбаян.
– Орта білімі туралы аттестаты. (түпнұсқасы)
– 086, 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама. + (флюра)
– Психодиспансерден анықтама
– Наркодиспансерден анықтама
– Көлемі 3х4 сурет (6 дана) 4х6 сурет (1 дана)
– Жеке куәліктің көшірмесі.
– Тұрғылықты жерден анықтама.
– Сотталмағандығы жөнінде анықтама.
– Конверт.
– Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы. (скоросшиватель)
Мекен-жайы:
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, Аппаз ата көшесі №1
Байланыс телефондары: 8(725 37) 7-08-23
Email- kazmedrese@gmail.com