Отызға жеттім ой кешіп….

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні қазақ елінің інжу-маржаны саналатын, талай ақын-жазушылар шығармаларына арқау болған, талай ұлылырға мекен болған Арқаның кербез сұлу Көкше жерінде есімі алты алашқа белгілі, айтыскер ақын Арман Бердалиннің «Отызға жеттім ой кешіп» атты шығармашылық кеші өтті.

Отызға келіп орда бұзған қазақ жігітінің кешін тамашалауға келген халық залға сыймай, сахна сыртында қалып қойғандары да көп болды. Халықты игілікке, жақсылыққа шақыратын, жігері жасағандарға жігері сыйлап, еңсесі түскендердің рухын көтеретін ақынның өлең, жырлары мен діни термелерінен халық сүйіп тыңдап келеді. Осынау дүбірлі тойға еліміздің түкпір-түкпірінен ат терлетіп дос-жаран, туыс-бауырлар, ақын, жазушылар келді. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі атынан,   ақынның  туған жерінен келген бір топ делегация мүшелері ақиық ақынға Солтүстік Қазақстан облысы әкімі атынан темір тұлпардың кілтін табыстады. Қонақтар жүрекжарды тілектерін жеткізіп, ақындар сөз шеберліктері мен домбыраның күмбірлеген үнімен кештің сәнін келтірді. Аталмыш шара қаланың мейрамханасында жалғасын тапты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

Return to Top ▲Return to Top ▲