Облыстық прокуратура ауызашар берді

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ораза бойы ауызашар беріп жатқандардың қатарына жаңадан қосылғандар да бар. Облыстық прокуратура – солардың бірі. Сенбі күні орталық мешітте ауызашар беру осы органның үлесіне тиді.     Онда прокуратура ардагері Сапар Дүйсенов ізін басып келе жатқан әріптестеріне ақ тілегін жолдады. Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров та жылы лебізін білдірді. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза құлшылығы хақында уағыз-насихат айтты.

Ауызашарды қорытындылаған облыс прокуроры Берік Асылов жиналған жұртшылыққа алғысын айтты.

dsc06805

dsc06808

dsc06813

dsc06773

dsc06775

 dsc06791

dsc06779

dsc06781

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲