Мүгедектер қамқорлық құшағында

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен үстіміздегі жылдың ақпан айында   облысымызда да «Мүгедек жандарға қамқор болайық» деген тақырыпта қайрымдылық іс-шаралар өткізілді. Мәселен облыс орталығында «Қызылжар» мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы 20 мүгедектің үйлерінде болды. Олардың хал жағдайларына қанығып, алдағы көктем мерекелерімен құттықтады және әрқайсысына ақшалай сыйлық табыс етті.

Бұл шараны өткізуге аудандық мешіттердің қызеткерлері де қатысты. Бұл тақырып аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік, отын-көмір т.б  көмек көрсетілді, тағылымдық жағы мол кездесулер  ұйымдастырылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲