Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің жамағаты WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақияновпен кездесті. Жұма намазын қаза етпейтін батыр ұлан жамағатпен бірге сапқа тұрып, Алла алдындағы парызын өтеді.
Жанатты жақында АҚШ-да өткен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтаған «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілхан қажы Балтаұлы оған Құран кітабы мен Алланың сөзі жазылған картинаны тарту етті. Мешіт жамағаты мен ақсақалдар боксшыға ақ батасын беріп, елдің намысы үшін шаршы алаңда жасындай жарқылдап, жеңістен жеңіске жете беруіне тілек білдірді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі