ЖАНТ мүшесі Қызылжар ауданында

«Қызылжар» орталық мешітінің жанында құрылған ақпарат-насихат тобының мүшесі «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы 14-қазанда Қызылжар ауданының орталық кітапханада ұйымдастырылған «Имандылық тәрбие негізі» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қамтылды:

  • Имандылық ол Аллаға иман келтіру
  • Иманды адам білімді қоғами адам
  • Иманды адам отанын сүйетін адам
  • Иманды адам жанұясын ерекше қастер тұтады
  • Иманды адам кәсіпке, жұмысқа талапты
  • Иманды адам арын, абыройын сақтай білген адам
  • Иманды адам тілімен, қолымен басқаға зиян келтірмейді.
  • Иманды адам айналасына, қоршаған ортаға мейірбан адам
  • Иманды адам қиыншылықтарды жеңе білетін адам

Отырыс соңында оқушылар, ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып дін маманынан тұшымды жауап алды.

Сонымен қатар жұма намазына қатысып, мешіт жамағатына «Тәрбие – тал бесіктен» турасында уағыз айтты.

img-20161017-wa0004

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспсөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲