Жамбыл ауданында өткен қайырымдылық іс-шара

ҚМДБ-ның қайырымдылық жасау жайында тапсырмасына орай, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, мешіттерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Қасиетті Құран Кәрімде: «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар!» («Бақара» сүресі, 148 аят) – делінген. Осы жолы Жамбыл ауданы, Пресновка селосы «Тәуба» мешітінің ұйымдастыруымен және жастар ісінің ұйтқы болуымен аудан орталығындағы мүгедек жандарға  қайырымдылық іс-шара  өткізілді. Жамбыл аудандық «Тәуба» мешітінің бас имамы Блисов Ғабит Қуандықұлы әр отбасына арнайы барып, хал жағдайларын сұрады. 7 отбасына мешіт тарапынан азық-түлікпен  көмек көрсетілді. Мүгедек жандардың отбасы мүшелері  мешіт тарапынан үнемі көмек жасалып тұратындығын, осындай игі істер ұйымдастырып отырған өкілдікке алғыстарын білдірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

IMG_8246 IMG_8236 IMG_8241

Return to Top ▲Return to Top ▲