Дүйсенбі сайын – қайырымдылық дастарханы

Ислам дініндегі басты құндылықтарддың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Ақиқат – байлық кең пейілділік, қайырымдылық»,-деген болатын.  Осыған орай, «Қызылжар» орталық мешітінде дүйсенбі сайын қайырымдылық дастарханының жайылуы қалыптаса бастаған дәстүр. 
Осы апта да қайырымдылық шарамен басталды. Онда Медербек Әлімжанов пен Замир Төребекұлы деген екі намазхан дастархан жайды. Оған мешіт жамағаты мен студенттер қатысты.
Шара басрысында «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Қасымхан Исаев пен Азаамат Сәрсенов кең көлемде уағыз айтты. Шараның соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲