Дін және әйелдің қоғамның рухани дамуындағы рөлі

         СҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың мәжіліс залында «Дін және әйел» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Бұл шараға ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мен мешіттің наиб имамы Алыпқашев Аян Болатұлы қатысты.

         Жиын барысында бас имам нәзік жандылардың  асыл дінімізде алатын орны жайында баяндама жасады.

         Шара соңында қатысушылар бас имамға аталмыш тақырып төңірегінде өздерінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲