1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептi тәмамдаған;
1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгiлi Әл-Азһар Ислам университетiнiң шариғат және заң факультетiне оқуға қабылданып, осы оқу орнын 2006 бiтiрген;
2006-2008 жылдар аралығында Мысыр елi мүфтиятының пәтуа шығару бөлiмiнде бiлiмiн жалғастырды;
2008 жылы Семей қалалық Доланбай ата мешiтiнiң бас имамы қызметiн атқарған;
2011 жылы 10 қазанда Ержан Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Семей өңiрi бойынша өкiл имамы қызметiне бекiдi;
Өкiл имам қызметiн 2013 жылға дейiн абыроймен атқарды;
2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында бiрауыздан Бас мүфти лауазымына сайланды;
Әкесi Маямеров Малғажы Мұхамеджанұлы мен анасы Төлекова Жұмағайша Садыққызы педагог-ұстаз. Физика-математика пәнiнiң мұғалiмi. Олар Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте қызмет еткен. Әкесi Малғажы Мұхамеджанұлы мұғалiмдiк қызметтен мектеп директорының оқу iсi жөнiндегi орынбасары дәрежесiне дейiн көтерiлген.
Бас мүфтидiң балалық шағы Мақаншы ауылында өттi. Ол ұстаздар жанұясынан шыққан. Анасы Жұмағайша Садыққызы Алланың қалауымен бес құрсақ көтерген: екi ұл, үш қыз. Бүгiнде олар отбасылы.
Ержан Малғажыұлының Алла нәсiп еткен үш ұлы бар. Есiмдерi — Әли Маямер, Абдолла Маямер, Насрұлла Маямер. Бас мүфти бала тәрбиесiне қатты көңiл бөледi. Оларды қазақы дәстүрге сай имандылық тұрғысынан тәрбиелеуде. Адамгершiлiкке, iзгiлiкке, инабаттылыққа баулып, бағып-қағуда.
Ержан Маямеровке дiндарлық ата-бабаларынан дарыса керек. Ата-әжесi дiндар болған. Кеңес үкiметiнiң «Құдай жоқ» деп ұрандатқан заманында да намазын тастамай оқыған. Оразаларына да берiк болған. Әжесiнiң тәрбиесiн көрген ол дiнге жақын болып өстi. Исламның асыл құндылықтарын бала кезiнде бойына сiңiрдi.
Бас мүфти қызметтегi қарбаласқа қарамастан, қолы қалт етсе, бала тәрбиесiне көңiл бөледi, бiлiмiн, мiнез-құлқын қадағалайды. Уақытын ұрпақ санасына имандылық пен iзгiлiктiң баға жетпес құндылықтарын сiңiруге арнайды.
Өмiрлiк ұстанымы — қарапайым, адал болу, өзгелердi мейлiнше ренжiтпеу, балаға жақсы тәрбие беру, елге адал қызмет ету, ағайын-туысқа, өзге адамдарға жанашырлық таныту, т.б.
Қызметтегi ұстанымы — халықтың сенiмiнен шығу, Ислам дiнiн көркейте түсу, мұсылман жамағатының басын бiрiктiру.