Рамазан айына арналған семинар(ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде екі күндік семинар басталды. Оған аудандық мешіттердің бас имамдары мен наиб имамдары және ауыл молдалары қатысуда. Оларға ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына байланысты құттықтауының, Үндеудің және бұйрығының мәтіндері ұсынылды.

Облыстық семинарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы кіріспе сөзбен ашты. Ол ҚМДБ-ның жуырда Төралқа мәжілісінде талқыланған мәселелерге, имамдардың республикалық форумында қабылданған құжаттарға егжей-тегжейлі тоқталды. Сонымен бірге Рамазан айында атқарылмақ игі іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі атап айтылды.

dsc04458

dsc04541

 

Одан кейін осы шараға арнайы шақырылған ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы сөз алды. Ол алдымен ҚМДБ-ның жаңа туындылары – «Дін мен дәстүрдің» екінші кітабы мен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» пәтуасын таныстырды.

dsc04471

dsc04486

dsc04491

Семинарға қатысушылар сонымен қатар ақида мәселелері бойынша тест сұрақтарына жауап қайтарды. Одан соң «Ақылмен үкім жасау және оның түсінігі» деген тақырыпта белгілі теолог Сансызбай Құрбанұлының дәрісіне ден қойды. Ал түстен кейін «Алланың сипаттары» деген тақырып әнгіме арқауына айналды.

dsc04504

dsc04543

 dsc04560

Танымал дінтанушы Сансызбай Құрбанұлы «Қазақстан-Петропавл» және МТРК телеарналары арқылы сұхбат берді.

dsc04531

dsc04551

dsc04554

«Қызылжар» орталық мешітінің 

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲