Уалиханов ауданындағы «Қожахмет хазрет» мешітінде басталған айтта аудан әкімі Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин жиналған жамағатты өткен рамазан айымен және рамазан айтымен құттықтады. 250ден астам жамағатқа айт намазын оқыды. Бұл күні небір шаралар ұйымдастырылды. Дойбыдан сайыс өткізіліп, үш жүлдегерді наиб имам Солтан Зейноллаұлы сыйлықтармен марапаттады. Одан соң аудан мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мешіттің алдында сахна құрылып, әншілер ән айтып, шағын концерт берді. Ал мешіт асханасында Жантілеуовтар әулетінің қолдауымен тегін қымыз және мешіт атынан шай ұйымдастырылып, тәттілер мен жемістер қойылып, дастархан жайылды. Киіз үйлер құрылып, онда да дастархан жайылып, ас берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі