АЛМАТЫ: «Бас мүфти сыйлығы» мектепке жол қайрымдылық акциясы өтті

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жұмыстары аясында жылдағы үрдіс бойынша еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы өткізіліп келеді. Бүгін де еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Алматы орталық мешітінде мектеп жасындағы бүлдіршіндерге тарту жасады.

Қайырымдылық шара аясында мектеп жасындағы 165 балаға мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер сыйға тартылды. Айта кетейік, бұған дейін бірнеше күн бұрын Алматы орталық мешітінде 51 бүлдіршінге қайырымдылықпен мектеп жабдықтары таратылған болатын.

Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет «Оқу жылы қарсаңында Алматы қалалық мешіттерінің бірқатарында осы бағыттағы шаралар өткізілді және алдағы күндері өткізілуі жоспарлануда. Қала мешіттерінің деңгейінде биылғы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына 1500 бала қамтылады деп жоспарлануда» – деді.

Игі шара алдағы күндері Қазақстан, Алматы, Асыл Арна телеарналары арқылы жалпы жұртқа көрсетілетін болады.

 

Алматы орталық мешітінің

 баспасөз қызметі

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲