НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МЫСЫР МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ

Мамыр 13th, 2022

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Риядта өткен конференция аясында Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.

Жүздесу барысында конференцияда көтерілген тақырыптар, оның ішінде жамағатты бірлікке шақыру, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанып дінаралық келісімде әділ болу, қазіргі жаһандық үдерістер заманында мұсылман үмбетінің ауызбіршілігін сақтауға үлес қосу сынды мәселелер жан-жақты айтылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр мүфтиі Шауқи Алламға ортақ жобаларға көрсеткен қолдауы үшін  ізгі ниетін жеткізді. Мысыр мүфтиі де ілтипат танытып, әріптестік байланыстар арта түсетінін айтты.

БАС МҮФТИ ЭР-РИЯДТА ӨТІП ЖАТҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

Мамыр 13th, 2022

Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйымдастыруымен «Дін ұстанушылар арасындағы ортақ құндылықтар форумы» өтті.

Нұр-Мүбарак университеті талапкерлерді оқуға шақырады

Мамыр 13th, 2022

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті 2022-2023 оқу жылына талапкерлерді шақырады. Бұл жөнінде оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлады.

ТҮРКИЯНЫҢ «ХАСЕКИ» ИНСТИТУТЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ БАСТАЛДЫ

Мамыр 13th, 2022

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы келісімге орай, 2022-2023 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды.

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Мамыр 13th, 2022

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация жұмыс сапарымен Сауд Арабия Корольдігіне келді. Делегация жұмыс сапарын САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа мырзамен кездесуден бастады.

Return to Top ▲Return to Top ▲