CҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесу өтті

  • 144 рет оқылды
  •          Ақпан айының 13-жұлдызында Қызылжар қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Қанат Жылқыбайұлы СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлерімен кездесіп, «Суицид емі – иманда» және «Исламдағы ер мен әйелдің міндеттері» тақырыбында сөз қозғады.

             Қанат Жылқыбайұлы өз сөзінде «ислам дінінде мұсылманның өз-өзіне қол салуы – үлкен күнә, қазақ халқының әдет-ғұрпында дұрыс саналмайтын құбылыс» деді. Дін турасында ер мен әйелдің танысуы, құда түсу әдебі, некелесу шарттары, ерлі-зайыптылардың міндеттері жайында толыққанды түсіндіріп өтті. Тыңдаушылар ойда жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын ала алды. Аталған іс-шараға 50 адам қатысты.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲