ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

  • 57 рет оқылды
  • Балалар жылы аясында 1 маусымда облыстың діни бірлестіктері СҚО әкімдігінің дін істері басқармасымен өзара іс-қимыл жасай отырып, жетім, мүмкіндіктері шектеулі балалар, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді.

    Облыстық «Қызылжар» мешітінде «Солнечный дом» қоғамдық қорының, Петропавл және Булаев епархиясының тәрбиеленушілерімен мерекелік кездесу өткізілді, ҚР АҚДМ ДІК және «Евангелиялық Қазақстанның христиан діні одағы» ЗТБ, «Освобождение» облыстық діни бірлестігі арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілерімен мерекелік кездесу өткізілді.

    Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы өткізілді. Өткізілген іс-шаралар барысында балаларға сыйлықтар, сертификаттар, кәдесыйлар табыс етілді. Бұл жұмысты діни бірлестіктер бүкіл облыс бойынша жүргізеді және жыл бойы жалғасатын болады.

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲