«ҚЫЗЫЛЖАР – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ СОЛТҮСТІК ҚАҚПАСЫ»

Облыс орталығында жергілікті әкімшілікпен бірлесе отырып, ҚМДБ бекіткен жылдық жоспарға сәйкес, маусым айында «Қызылжар – қазақ елінің солтүстік қақпасы» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастыру жоспарлануда.

Басты мақсат – өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. Осы орайда облыстық «Қызылжар» орталық мешіті осы бағыттағы сала мамандарымен және тарихшылармен кездесу өткізді. Конференциядағы көтерілетін негізгі мәселелер:

  • Ботай өркениеті – түрік қауымының мақтанышы;
  • «Қызыл оба» қорымының мән-мағынасы;
  • 18-ғасырға дейінгі СҚО аумағы мен тұрғындары (тарихи құжаттар негізінде);
  • Қызылжардағы Абылай хан тарихы;
  • СҚО жерінен шыққан зиялы қауым, дін қайраткерлері;
  • «Қызылжар» медресесі;
  • СҚО мешіттерінің тарихы.

Бұл және өзге де тақырыптар алда өтетін республикалық конференцияда да кеңінен көтерілетін болады.

Return to Top ▲Return to Top ▲