«ӘЛЕМ НҰРҒА БӨЛЕНГЕН КҮН»

Мұхаммед (с.а.с) Пайғамбардың туған күні – Мәуліт мерекесі қамқорлық пен ізгі жақсылықтар айы. Сапар айында Сәлима қажы Атажанқызы облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үшін «Қызылжар» орталық мешітінде дастарқан жайды. Балалар үйінен «Әлем нұрға бөленген күн» атты кешке екі отбасы өз тәрбиешілерімен келіпті.

– Біз «Қызылжар» орталық мешітіне алғаш рет келіп тұрған жоқпыз. Алла үйі жетім балалар мекемесінің тұрақты қамқоршысы. Балалар күні, Білім күні, Құрбан айт, Ораза айларында бізді мешітке шақырып, дастарқан жаяды, сыйлықтар береді. Әрине, қайырымдылық шараларына балалар қуанып қалады, дейді жетімдер үйінің ұстазы Раушан Исаева.

Ал, Сәлима қажы Атажанқызын бүлдіршіндер мейірімді, жылы жүзді ана ретінде таниды.  Ол кісі бұл балаларды ылайым қуантуды өмірлік парызы тұтады. Мәуліт мерекесіне келген кішкентай қонақтар ғана емес, өңіріміздегі сыйлы ата-әжелер де Сәлима қажыға шынай ризашылықтарын білдірді.

Мәуліт кешінде облыстың бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа үндейтін уағыз айтып, олардың ертеңгі күніне жақсылық тіледі. Сөз алған басқа да кеш меймандары балаларға ақыл-кеңестерін берді, дұрыс жол, анық мақсат арқылы ғана арманға қол жеткізуге болады, деді олар. Интернат балалары үлкен кісілердің шапағаты мол, қайырымдылық шарасына риясыз көңілден алғыс білдірді.

Меймандарға Мәуліт салауатын орталық мешіттің шәкірттері, яғни ақ жаулықты әжелер тобы орындады. Соңында Сәлима қажы балаларға сыйлық үлестірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

DSC01703

Return to Top ▲Return to Top ▲