Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мәжiлiс залында Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңес отырысы өттi. Оған ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, сондай-ақ өңіріміздегі басқа дін өкілдерінің басшылары, кеңес мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Кездесуде кері ағымдармен жұмыс барысы, дінаралық қатынастар және оқу ордаларында дінтану пәнінің жағдайы мен оқыту әдістері жайында сөз қозғалды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі