Мешітімізде Ақпан айы Абай айы аталып, тұлғаның өзінен, сөзінен үлгі-өнеге алу көзделді. Осындай мақсатта, ақпан айының 25-жұлдызы С. Мұқанов атындағы кітапханада арнайы «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Қазақстан білім беру саласының құрметті қызметкері, еңбек сіңірген қайраткері, Абайтанушы Зарқын Сыздықұлы мен үздік оқытушы, Абайтанушы Жазира Көкбасқызы шақырылды.
Тыңдарман болып қатысқан шәкірттерге Абайдың шыққан тегі балалық шағынан бастап айтып, шығармашылығын қамтып, қара сөздерімен қорытындылады. Сонымен қатар мешітіміздің шәкірттері жаттаған қара сөздері мен өлеңдерін айтып қуантып қойды. Тұлға болып қалыптаспаққа ұлылардан алған тағылым, тәрбие тірек болса керек. Ендеше, тұлғаны танып, өмірінен өнеге алуды әдетке айналдыралық!