ТАЙЫНША АУДАНЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Тайынша ауданында Мәуліт мерекесі тойланды. Салтанатты іс-шараға өңірдің бас имамы Хамзат Әділбеков, аудан жұртшылығы қатысып, Мәуліт мейрамының куәсі болды.

Кеште елдің амандығы үшін дұға жасалып, кеш көрермендері үшін арнайы көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара барысында ақындар арнау айтып, рухани әндер шырқалды.

Мәуліт кешінде СҚО бойынша өкіл имамы,«Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы барша мұсылман  қауымды Мәуліт мейрамымен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірбаянынан уағыз айтты.

Кеш соңында жиналған жұртшылыққа асханада дастархан жайылып ас берілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲