«СІБІР – ДИАЛОГ АУМАҒЫ 2025: СІБІРДЕГІ ИСЛАМ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Ресей елінің Омбы қаласындағы Омбы педагогикалық университетінде «Сібір – диалог аумағы 2025: Сібірдегі ислам» атты халықаралық конфессияаралық конференция өтті. Шараны Сібір мұсылмандарының діни басқармасы ұйымдастырды.

Конференция Сібір өңірінің тарихи және қазіргі дамуындағы исламның рөлін талқылайтын алаңға айналды. Қатысушылар Сібір мұсылман қауымының дәстүрі мен мәдениеті жайлы мол мағлұмат алды.

Іс-шараға арнайы Қазақстаннан ҚМДБ Солтүстік Қазкқстан облысының өкіл имамы Хамзат Қажымұратұлы, діни ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, қоғам қайраткерлері және конфессияаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне қызығушылық танытқан барша азаматтар қатысты.

Жиын барысында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы «Дінаралық келісім — Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.Бас имам өз сөзінде еліміздегі тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – түрлі конфессия өкілдерінің өзара түсіністігі мен татулығында екенін ерекше атап өтті.

Return to Top ▲Return to Top ▲