ҚАЛАЛЫҚ «ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ АҚИДА САБАҚТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ АЯҚТАЛДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабибуллаұлы қалалық «Қызылжар» мешітінде әр сейсенбі сайын ақшам намазынан кейін жамағатқа ақида дәрістерін өткізіп келеді.

Білім беру мақсатында жүйелі түрде жүргізілген сабақтар нәтижесінде алғашқы кітап толық аяқталды.

Дәріс барысында жамағатқа үй тапсырмалары беріліп, қатысушылар оқу процесіне ерекше қызығушылықпен және үлкен ынтамен атсалысты. Мешіт жамағатының діни білімге деген ықыласы имам тарапынан жоғары бағаланды.

Return to Top ▲Return to Top ▲