ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

ҚҰРАНДАҒЫ ЖАСТАР БЕЙНЕСІ

Құран Кәрімде жастарға қатысты арнайы тақырып арналмаса да кейбір жастардың мысалы керемет суреттелгенің Құран аяттары мен пайғамбар ﷺ хадистерін жете түсінген ұлы бабамыз Дін мен дәстүрді ұштастырып өз өмір салтына енгізе білген. Қазақ баладан қариялыққа жеткенше жас буын, орта буын және аға буын деп өсу ерекшелігіне қарап топқа бөлген. Күн санап дамып, жетілетін балаларды – жас буынға жатқызса, өсу мөлшері шектелген, ақыл-ойы толысқан азаматтарды – орта буынға жатқызған. Кейінгі ұрпаққа жөн сілтеп, ақылшы, отағасы қарияны – аға буынға жатқызса керек.

Жас буын – әлі жетілмеген кезеңі болса, аға буын адамның жетілгенмен қуаты кеткен кезеңі. Адамның негізгі өмірі – осы орта кезеңді, орта буынды қамтиды. Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – жастық кезең.

Пайғамбарымыз ﷺ жастық шақтың ерекше маңыздылығы жайында былай дейді:

لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ ؟»

«Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды» деген [2],

Жастық шақта адамның бойында нәпсінің дамыл бермей ойнақшып тұратын кезі. Санаулы секундтарда бұрқырап таситын сезім толқынын тізгіндеу әр адамның қолынан келетін оңай іс емес. Оның үстіне саған көз тіккен ынтық назарлар көп болса, бұл мүлдем орындалуы қиын іс. Бұл тек тақуаларға, Алланы шын сүйген құлдарына нәсіп болатын амал. Әңгімеміз пайғамбарлардың ішінде ерекше көркемдік иесі Жүсіп пайғамбар жайында. Ол үлкен сынаққа душар болған еді. Қожайынының сұлу әйелінің назарына түсіп, ол оны қайткен күнде де тұзағына түсірмекші болды. Алайда тақуалыққа толы жас жүрек бұған жол бермеді. Ол үшін салтанатты өмірден терең зындан абзал еді. Ол сол әйелдің иелігінде құл бола тұра бұл күнә істі жасаудан бас тартты. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл оқиға жайында:

قَالَ رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ ۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُن مِّنَ الْجَاهِلِينَ

«Сол кезде Жүсіп (әйелдердің арбап-арбауынан құтылу үшін): Уа, Раббым! Мыналардың маған істе деп отырған істерін істегенше, зынданға жабылғаным артық. Егер олардың бәлесінің бетін ары қылмасаң, оларға көңілім ауып, надандардың біріне айналуым ғажап емес», деп, Аллаға жалбарынды» [3]

Жастық шақтың қалай өткенің, қалай өтіп жатқаныңна мән беру өміріміздегі негізгі жайттардың бірі. Қолымыздан келгенше өміріндегі әр бір мүмкіндікті пайдаға асырып қалуға тырысуымыз керек. Оның ішінде жастық шақта алған ілімнің берекесі мол.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, -деп

Абай атамыз айтқандай қолымызды кеш сермеп кешігіп қалмас үшін жас кезімізде ілімге мән берейік, талаптарайық, ізденейік, сонда ғана біздің береріміз болады.

Жоғарыдағы мысалдардан жастардың бейнесі айқын көрінуде. Дінді ұстанудағы табандылық, барлық қиындықтарға төтеп беру, нәпсіні қажет кезде тізгендей білу – нағыз мұсылман жастарына қажетті сипаттар. Алла елімізде иманды жастардың санын арттырсын!

[1] Рум сүресі, 54-аят.

[2] Тирмизи хадистер жинағы.

[3] Юсуф сүресі 33-аят.

Рауан Әскер, «Qyzyljar qalalyq meshiti»нің азаншысы

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ХАДИС ҮНДЕСТІГІ

Қазақ халқының дін мен руханиятқа деген құрметі мақал-мәтелдерінен де көрініс табады. Халықтың ғұламалары мен данагөй қариялары Исламның негіздерін, аят-хадистерді өз өмір тәжірибесімен ұштастырып, тәрбиелік сөздер қалдырған.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының ғасырлар бойы қалыптасқан асыл мұрасы. Олар халықтың өмірлік тәжірибесінен туындап, тәрбиелік маңызы бар нақыл сөздерге айналды.

Мақал дегеніміз не?

Мақал – қысқа да нұсқа, тәрбиелік мәні зор нақыл сөздер. Олар белгілі бір оқиғадан немесе халықтың өмірлік тәжірибесінен туындап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан. Мақалдар ақыл-өсиет беріп, дұрыс бағыт көрсетеді. Қазақ мақалдары көбінесе ізгілік, адалдық, еңбек, білім, достық, әділдік сияқты құндылықтарды дәріптейді.

Хадис дегеніміз не?

Хадис – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сөздері мен амалдары. Исламда Құраннан кейінгі ең маңызды дереккөзі ретінде хадистер мұсылмандарға өмір сүрудің дұрыс жолын көрсетеді. Хадистер адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйылуға үндейді. Хадистер тек рухани тәрбиені ғана емес, отбасылық, қоғамдық қатынастар мен сауда-саттықтағы ережелерді де қамтиды.

Мақал мен хадистің ұқсастықтары

•        Мазмұндық тереңдік: Екеуі де қысқа әрі нұсқа, бірақ мағынасы терең.

•        Тәрбиелік мәні: Екеуі де адамдарды жақсылыққа, әділдікке, бірлікке шақырады.

•        Өмірден алынған даналық: Мақалдар халық тәжірибесіне сүйенсе, хадистер Ислам іліміне негізделген.

•        Жақсылыққа үндеу: Мақал да, хадис те қоғамда бейбіт өмір орнатып, адамдарды ізгілікке тәрбиелейді.

Хадистер – мұсылмандарға бағыт-бағдар беретін рухани нұсқаулықтар. Мақал-мәтелдер мен хадистер арасында мазмұндық, тәрбиелік және рухани үндестік бар екенін байқауға болады. Сол үйлесімділікті жік-жіктеп айта кетсек:

1. Адалдық пен әділдік үндестігі

Халық мақалында:

«Адалдық – ардың ісі, арсыздық – сордың ісі» деп айтылады.

Ал хадисте:

«Адалдықты ұстаныңдар, өйткені адалдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді» (Бұхари, Муслим) делінген.

Бұл сөздер адалдықтың адамның абыройы мен өмірінің берік негізі екенін көрсетеді. Халық та, дін де адалдықты өмір сүрудің басты қағидасы деп біледі.

2. Еңбек пен қайырылымдылық үндестігі

Мақал:

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»

Хадис:

«Сендердің ең жақсыларың – өз қолымен еңбек етіп, адал ризық табатындарың» (Әбу Дәуіт).

Екі нақыл да еңбектің маңыздылығын насихаттайды. Халық еңбек еткен адамның құрметке лайық екенін айтса,

хадис адал еңбек ету – мұсылманның қасиеті екенін ұғындырады.

3. Сабыр мен төзімділік үндестігі

Мақал:

«Сабыр түбі – сары алтын.»

Хадис:

«Сабыр – иманның жартысы» (Ән-Нәсаи).

Халық даналығында сабырдың өмірдегі қиындықтарды жеңудегі рөлі ерекше аталады. Исламда да сабыр иманның көрсеткіші ретінде бағаланады. Сабырлы адам сынақтардан сүрінбей өтеді деп айтылады.

4. Білімнің құндылығы туралы

Мақал:

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»

Хадис:

«Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» (Ибн Мажа).

Екі даналық сөз де білімнің өмірдегі маңызды рөлін айқындайды. Халық білімді адамның өзгені жеңетініне сенсе, хадис білім іздену – мұсылманның міндеті екенін көрсетеді.

5. Көркем мінез-құлық үндестігі

Мақал:

«Жақсы сөз – жанға қуат.»

Хадис:

«Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі – мінезі көркем болғаны» (Тирмизи).

Екі нақыл сөз адамның жақсы мінезі мен жылы сөзі адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартатынын көрсетеді. Жақсы мінез-құлық – адамның адамгершілік өлшемі.

 Ендігі кезекте төменде қазақ даналарының аят-хадиске негізделген немесе оларға үндес мақал-мәтелдері ұсынылған.

Алланы тану мен иман туралы

•        «Алладан қорықпағаннан қорық.»

•        «Құдайсыз қурай да сынбайды.»

•        «Тәубесіз пендеден түңіл.»

Бұл мақалдар Исламдағы иманның негізі – Алланы тану мен оған тәуекел етудің маңыздылығын айқындайды.

Хадис:

«Кімде-кім Аллаға тәуекел етсе, оған жеткілікті болады» (Тирмизи).

Адалдық пен әділдік туралы

•        «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді.»

•        «Әділдіктің белгісі – жақыныңа да, жатқа да бірдей қарау.»

•        «Арамнан тапқан – астан болмайды.»

Аят:

«Расында, Алла әділдік пен жақсылықты, туыстарға қарайласуды бұйырады» (Нахыл сүресі, 90-аят).

Хадис:

«Адалдықты ұстаныңдар, өйткені адалдық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді» (Муслим).

Еңбек пен ризық туралы

•        «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»

•        «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.»

•        «Жігіттің үш жұрты бар: өзі, еңбегі, Отаны.»

Аят:

«Адам тек өз еңбегінің жемісін ғана көреді» (Нәжім сүресі, 39-аят).

Хадис:

«Сендердің ең жақсыларың – өз еңбегімен адал ризық табатындарың» (Әбу Дәуіт).

Сабыр мен шүкір туралы

•        «Сабыр түбі – сары алтын.»

•        «Шүкір еткеннің ырысы артады.»

•        «Сабырлы жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа.»

Аят:

«Сабыр етіңдер, шүкір етіңдер. Алланың нығметі үшін оған разы болыңдар» (Ибраһим сүресі, 7-аят).

Хадис:

«Мұсылманның ісі қандай ғажап! Оған әр іс қайырлы. Қуаныш келсе – шүкір етеді, бұл оған қайырлы болады. Қайғы келсе – сабыр етеді, бұл да оған қайырлы болады» (Муслим).

Білім мен ақыл туралы

•        «Ақыл азбайды, білім тозбайды.»

•        «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»

•        «Ғылым – шырақ, ақыл – жарық.»

Аят:

«Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зумар сүресі, 9-аят).

Хадис:

«Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» (Ибн Мажа).

Достық пен бауырмалдық туралы

•        «Досы көпті жау алмайды.»

•        «Адам адаммен көрікті.»

•        «Жақсы досты қымбат қазынаңдай сақта.»

Аят:

«Барлық мүміндер – бауырлар» (Хужурат сүресі, 10-аят).

Хадис:

«Өзіңе қалаған жақсылықты өзгеге де

қаламайынша толық иман келтірген болмайсың» (Бұхари).

Қорытынды

Байқап отырғанымыздай қазақтың ауыз әдебиетіндегі көптеген мақал-мәтелдер түп тамыры хадистерден бастау алғаны себепті  бір-бірімен тығыз үндесіп, адамдарды адалдыққа, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа және білімділікке шақырады. Екеуі де тәрбиелік мәні зор, рухани қазына болып табылады. Қазақ халқының мақал-мәтелдері мен Ислам дінінің құндылықтары үйлесім тауып, адамзат баласының рухани байлығын нығайтуға қызмет етеді.

Мақал мен хадис – қазақ даласы мен баласының мәдениеті мен рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналды. Қазақ мақал-мәтелдері Исламның негіздерін өз болмысымен сіңіріп, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен руханиятына бағыт-бағдар беретін рухани ұғымдарға айналдырған. Мақал-мәтелдер аят-хадистермен үндесе отырып, ұрпақтарды тәрбиелеудің басты құралы ретінде қызмет етуде. Ата-бабамыз айтқандай «Дін – тірек, ақыл – жетек».

 Сондықтан кейбір хадистер  мақал-мәтел ретінде қалыптасып, өмірлік, адамгершілік қағидаға айналған. Осылайша хадистер қазақ даласында халықтық нақыл ретінде өмір сүрген. Бұл хадистердің мағынасын өзгерту деген сөз емес, керісінше халық жадында ұзақ сақталу үшін қазақтың мәдениеті мен болмысын, тұрмыс-тіршілігі мен этникалық-этикалық тағылымын ескере отырып, адам өмірінің өткені мен бүгінін танып-білу мақсатында хадистерді одан әрі ұшқыр және жеңіл етіп жеткізу. Сол үшін мақал-мәтелдер мен хадистерді ұштастыра отырып адамдар өмірін мәнді әрі үйлесімді ете алады деп нық сеніммен айта аламыз.

Жылқайдаров Адай Талғатұлы

“Qyzyljar qalalyq meshiti”-нің наиб имамы

ДІНИ САРАПТАМА МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қазақтың «Соқыр тауыққа бәрі бидай» деген мақалы тектен-тек айтылмаса керек. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда барлығы бірдей білімді, дұрысы мен бұрысын айыра алатын адамдар емес. Бұл сөзіммен адамдарды білімсіз деп айыптап жатқанымда жоқ, жәй ғана адамдардың адал мен арамды, жаман мен жақсыны айыра алатыны көп емес дегім келеді.

Осы орайда ауқымы кең болған Ислам дініне байланысты көптеген кітаптармен,газет журналдарды базарларда яки кітап сататын дүкендерде кездестіре аламыз. Аллаға шүкір қазіргі таңда бұл жерлердегі кітаптар сараптау бөлімінен оң қорытындысын алып, Дінімізбен дәстүрімізге қайшы келген кітаптарды алып тастаған.Тәуелсіздігімізді алып,етек жеңімізді енді ғана жиып жатқан кездегі тарихқа қарайтын болсақ, көпшілік қауым көлденең жүрген көк аттыдан пәтуа сұрап,кез-келген діни кітапты дұрыс-бұрысын анықтамай оқи бастаған.Пейілі кең бәріне сенгіш аңғал қазағымның жастары Діни секталарға ілесіп,біреулері ел асып Сирия секілді елдерге шахид боламыз деп соғысқа аттанса, енді біреулері Қазақстан Мұсылман мемелекеті емес  деп Ұлттық құндылықтарымызбен мемелекет тыныштығын бұзуға әрекет жасады.

Мемлекетімізбен Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы осындай елдің тамырына балта шабатын,Жат Діни ағымдардан сақтандыру барысында аянбай тер төкті.Елімізде Жастардың діни білімін арттыру мақсатында Медреселер жіне жоғары оқу орындарын ашып, көп діни мәселелерді жүйеге келтіріп,қара шаңырағымыз болып есептелетін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасында түрлі бөлімдер ашылып өз жұмысын жалғастыруда.Сол бөлімдердің бірі Діни сараптама бөлімі.

Осы бөлімнің мақсаты- түрлі(Ақида,Фиқх,Ахлақ)сынды діни кітаптарды зерттеп,сараптап оны жалпы жұртшылыққа ұсыну.Бұл бөлім өзінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде қазіргі таңда көптеген діни кітаптарға оң қорытындысын беріп,Дәстүрімізбен ғұрпымызға сай келмейтін кітаптарды Мешіт сөрелерінен және діни кітаптар сататын дүкендерден алып тастады, кей біреулеріне қайта түзету жұмыстарын жүргізуде.Әрине бұл еліміздің діни тұрақтылығын сақтауға үлкен септігін тигізуде.

Еліміз тыныш ,халқымыз аман болсын.

СҚО сараптама бөлімінің жауапты маманы Қарабек Бекдаулет.

К КАКИМ ГРЕХАМ ПРИВОДИТ ИНТЕРНЕТ?

Интернет стал неотъемлемой частью жизни современных людей, предоставляя огромные возможности для обучения, работы и общения. Однако, как и любой инструмент, он может быть использован как во благо, так и во вред. В исламе человек несет ответственность за свои поступки, и неправильное использование интернета может привести к многочисленным грехам, которые негативно сказываются на душе и духовном состоянии мусульманина.

1. Распространение запретного (харамного) контента

Одним из самых серьезных грехов, связанных с интернетом, является просмотр и распространение харамного контента. Это может включать:
– Запрещенные изображения и видео (например, сцены непристойного характера), что приводит к греху прелюбодеяния сердца и взгляда.
– Ложные сведения и клевета, которые нарушают запрет гайбата и ложного обвинения.

Всевышний Аллах предостерегает от подобных поступков:

«И не приближайтесь к прелюбодеянию: воистину, это мерзость и скверный путь» (Сура «Аль-Исра», 32).

2. Потеря времени и отвлечение от поклонения

Социальные сети, видеоигры и другие развлекательные платформы часто становятся причиной того, что мусульманин тратит свое время впустую. В Коране сказано:

«Клянусь временем! Воистину, человек в убытке…» (Сура «Аль-Аср», 1-2).

Если интернет отвлекает нас от намаза, чтения Корана, поминания Аллаха (зикра), полезных знаний и работы, то это становится причиной духовного ослабления и может привести к греху.

3. Зависимость от интернета и грех беспечности

Некоторые люди становятся зависимыми от социальных сетей, видеоигр или бесконечного просмотра контента. Это приводит к беспечности (гафле), когда человек забывает о своей главной цели – поклонении Аллаху.

Пророк Мухаммад (мир ему и благословение Аллаха) сказал:

«Два блага люди часто не ценят: здоровье и свободное время» (Бухари).

4. Оскорбления, споры и кибербуллинг

Интернет дает иллюзию анонимности, из-за чего многие люди позволяют себе оскорблять других, вступать в бессмысленные споры и унижать собеседников. Однако в исламе запрещено причинять вред другим, даже словом.

Пророк (мир ему и благословение Аллаха) сказал:

«Мусульманин – это тот, от чьего языка и рук другие мусульмане в безопасности» (Бухари, Муслим).

5. Распространение сплетен и лжи

Один из распространенных грехов в интернете – это распространение слухов, сплетен и лжи. Многие делятся непроверенной информацией, вызывая смуту (фитну) среди мусульман.

Аллах говорит в Коране:

«О те, которые уверовали! Если нечестивец принесёт вам весть, то разберитесь, чтобы не поразить людей по неведению…» (Сура «Аль-Худжурат», 6).

Вывод

Интернет может быть полезным инструментом, если использовать его во благо: изучать ислам, распространять истину, помогать другим. Однако неправильное его использование приводит к множеству грехов: прелюбодеянию взгляда, растрате времени, оскорблениям, клевете и беспечности. Мусульманину важно осознавать свою ответственность и пользоваться интернетом с богобоязненностью, чтобы избежать запретного и приблизиться к Аллаху.

Ринат Керимжанов

БІЛІМСІЗ ТҮРДЕ ПӘТУА БЕРУДІҢ САЛДАРЫ

         Білімсіз пәтуа беру адамды дүниеде де ақыретте де қор қылатын амал. Дана халқымыз «Торғай сойса да қасапшы сойсын» деп бекер айтпаған. Әсіресе қазіргі заманда көпшілік адамдардың назарының ортасында болғысы келеді, өзін білімді көрсеткісі келеді, бір сұраққа дереу жауап бермесем мені білімсіз деп ойлап қалады деген оймен оңды-солды пәтуә бергіш болып келеді.

Ал сахабалар секілді, ғалымдар секілді пәтуә берудің қаншамам ауыр іс екендігін, нендей жауапкершілік екенін түсінгенде бәлкім ауыздарын ашпай, «Білмеймін» деп қысқа жауап қайтарар ма еді!? Ал білімсіз пәтуә берудің жауапкершілігі мен ауыртпалығын түсіну үшін төмендегі хадистер мен ғалымдар сөзін білген жөн:

  • Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) мынадай хадис жеткізген: «Пайғамбарымыз:(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  «Расында, Алла Тағала адамдардан ілімді лезде жоқ етпейді. Бәлкім, ғалымдардың жанын алумен жоғалады. Бірде-бір ғалым қалмаған кезде, адамдар сауатсыз басшылардың етегінен ұстайды. Сұрақтарын солардан сұрайды. Ал олар ілімсіз түрде пәтуә айтады. Нәтижесінде, олардың өздері де адасып, басқаларды да адастырады.
  • Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын)жеткізген хадисте «Пайғамбарымыз :(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім ілімсіз бола тұрып біреуге пәтуә айтса, оның күнәсін көтереді. Ал, кімде-кім өзінің бауырына, тура жол басқа жақта екенін біле тұра, мүлдем басқа бір жолға нұсқаса,шынында, оған қиянат етіпті» – депті.
  • Жәбир (Алла оған разы болсын) : «Бір күні сапарға шығып едік. Арамыздан біріміздің басына тас тиіп басы жарылды. Жарақат алған кісі жүніп болды.(оған ғұсыл құйынуы уәжіп болды). Сонда ол серіктерінен: «Маған таяммум алуға бола ма?» деп сұрады. Олар: «Жанымызда шомылуға су бола тұрып, біз саған таяммум алуға рұқсат ете алмаймыз» – деді. Ол ғұсыл құйынды, сонан соң дүниеден озды. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдына келгенімізде бұл оқиға туралы оған хабар берілді. Сол кезде Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Оны өлтіріпті. Алла оларды өлтірсін! Егер білмесе, сұрамайды ма? Шынында, білімсіздіктің дерті сұрау» – деді. Оның таяммум алуы, жарасына шүберек байлап, үстінен сипап қоя салуы, сонан соң денесінің басқа жерін жууы жеткілікті еді» – деді.
  • Аман Мұхамеджан, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы

ФАТИХА СҮРЕСІ

АТАУЫ
Фатиха сөзінің мағынасы «ашушы» дегенді білдіреді, өйткені осы сүремен Құран кітабы басталады. Тәпсір ғалымдары бірнеше атауларын келтірген соларды негізгілеріне тоқталатын болсақ; Сурат Хамд (мадақ сүресі), Фатихат Китаб (Құранның беташары), Үмму Китаб (Кітаптың анасы), Үмму Құран (Құранның анасы), әл-Масани (қайталанушы), әш-Шифа (шипа), әр-Рұқия (ем, дем), әл-Асас (негіз), әл-Уафия (толық қамтушы), әл-Кафия (жеткілікті).

РЕТТІЛІГІ, АЯТ САНЫ
Құранғы реттілігі жағынан ең алғашқы сүре, аят саны – 7, Мекке қаласында Ғалақ, Муддәссир, Муззәммил, Нун сүрелерінен кейін түскен. Кейбір ғалымдар басқа сүрелер бөлек-бөлек түссе, толық түскен ең алғашқы сүре деген пікір бар.
ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Сүреде сенім негіздері, Алланың көркем есімдері, қияметтегі ұлы соттың иесі тек Алла екендігі жайында хабар етеді. Құлшылық тек Аллаға арналатындығы, пайғамбарларға, ізгілерге еру қажеттілігі және Алланың ашуына ұшыраған қауымдардан аулақ болу керектігі баян етіледі.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Ол намаздың әрбір рәкағатында оқылады. Сондықтан бұл сүрені «Жеті қайталанушы аят» (әс-Сабъул мәсәни) деп те атайды. Фатихасыз намаз толық болмайды. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кітаптың Фатихасын оқымаған адамның намазы (толық) емес», тағы бір риуаятта: «намазы намаз емес» , — деген.
Фатиха сүресін оқу арқылы адам дұға жасағандай амал жасайды.
ІНЖУЛЕРІ
Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын).
(Фатиха сүресі 1-аят)

Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемнің Раббысы – бір Аллаға арналады.
(Фатиха сүресі 2-аят)

Дін (жауапқа тарту, үкім шығару һәм қарымта) күнінің иесі.
(Фатиха сүресі 4-аят)

(Уа, Жаратқан!) Бір Өзіңе ғана құлшылық етіп, бір Өзіңнен ғана медет тілейміз.
(Фатиха сүресі 5-аят)

СҚО-ДА ИМАМДАР 2025 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен биылғы жыл – «Ислам және отбасы құндылығы жылы» болып жарияланып, 2025 жылға арналған жаңа жұмыс жоспары бекітілді.Осыған орай облыс орталығында өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен алқалы жиын өтті. Оған барлық қалалық, аудандық мешіт имамдары жиналды.

Облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ жиын барысында Астанадан келген «Иман» журналы және «Мұнара» газетінің бас редакторы Хасан Серікбол өңір имамдарына «Жалған ақпарат жарға жығады» тақырыбында дәріс өткізді.

Жиын соңында былтыр белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

БАС МҮФТИ 2025 ЖЫЛДЫ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАДЫ

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне Бағдарлық баяндамасын жолдап, 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады.

«Жарасымды отбасындағы өзара мейірімділік, ізгілік, адамгершілік сынды қанға сіңген қасиеттерді жаңғырту үшін 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Алла қаласа, осы жыл аясында бірнеше іс-шараларды жүзеге асырамыз» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, Төралқа мәжілісіне Діни басқарма қызметкерлері, облыстардың бас имамдары, Ғұламалар, Сарапшылар, Ақсақалдар кеңесі мен РАНТ мүшелері, Діни оқу орындарының басшылары мен ұстаздары қатысты.

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!  

Ислам діні – ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-бабаларымыздың ұстанған, қастер тұтқан жолы. «Аллаңа жағам десең, азанды бол, ағайынға жағам десең, қазанды бол» деген халқымыз ғасырлар бойы мұсылмандықты ұстанып, дін үкімдерін орындап келеді.

Мұсылман сөзі Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Оның құлы әрі Елшісі екендігіне куәлік беру және оған шын жүрегімен сену деген сөз. Яғни мұсылман – Ислам дінін ұстанушы адам деген сөз. Алла Тағала қасиетті Құранда:

هُوَ سَمَّاكُمُ الْمُسْلِمِينَ مِن قَبْلُ وَفِي هَٰذَا لِيَكُونَ الرَّسُولُ شَهِيدًا عَلَيْكُمْ وَتَكُونُوا شُهَدَاءَ عَلَى النَّاسِ ۚ فَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَاعْتَصِمُوا بِاللَّهِ هُوَ مَوْلَاكُمْ ۖ فَنِعْمَ الْمَوْلَىٰ وَنِعْمَ النَّصِيرُ

«Алла бұрын да, осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін «Мұсылман» деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға берік байланыңдар, Ол сендердің Иелерің! Ол нендей жақсы ие, нендей жақсы жәрдемші!» – деп айтқан («Хаж» сүресі, 78-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына мұсылмандықты үйретумен қатар, оның рухани тәлімдерін өзгелерге жеткізуді, олардың да мұсылмандықты қабылдауына себепші болуды үндеген. Хадисте:

فَوَاللَّهِ لَأَنْ يَهْدِيَ اللَّهُ بِكَ رَجُلًا وَاحِدًا، خَيْرٌ لَكَ مِنْ أَنْ يَكُونَ لَكَ حُمْرُ النَّعَمِ

«Аллаға ант етемін, егер Жаратушы сенің себебіңнен бір адамды тура жолға салса, сен үшін бұл қызыл түйеден де артық», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Мұндай мағынадағы хадистер өте көп жеткен. Осындай мақсатты Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз заманында өзге елді-мекендерге арнайы сахабаларын жіберіп отырған. Мысалы, Муазды (Алла оған разы болсын) Йеменге жіберген кезде былай деді: «Сен Кітап иелеріне бара жатырсың және оларды ең бірінші кезекте шақыратын нәрсең  «Алладан басқа құдай жоқ» деген сөз болсын. Егер олар саған бағынса, онда Алла күніне бес уақыт намаз орындауды міндеттегенін білдір. Егер олар саған бағынса, Алла байларға кедейлерге зекет беруді міндеттегенін айт», – деп Исламға қалай шақыру керектігін үйреткен.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғаннан кейін де Хақ дінді тарату мақсатындағы сапарлар тоқтаған жоқ. Осылайша Ислам түркі даласына да келіп жетті. Соның ішінде қазақ даласына да 751 жылдан кейін ислам қанат жая бастады.

Ұлы даланы мекен еткен бабаларымыз Ислам дінін қабылдап, мешіт медресе салып, Алланың хақ жолымен жүріп, діні мен дәстүрін сабақтастыра білді. Қазақ даласында мұсылмандық мектептің қалыптасуын мынадай бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады:  

Бірінші, VІІІ ғасырдан Х ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең

Мұсылмандар VII ғасырдың екінші жартысында Хорасан мен Мәурәннәһірге келіп, Ислам дінін насихаттаған. Десек те, кейбір тарихшылар түркілердің алды пайғамбар заманында-ақ Исламды қабылдағанын, тіпті, Таяу Шығысқа қоныс аударған түркілердің Мұхаммед пайғамбардың қасынан табылып, жарандарының (сахабасы) бірі болғанын алға тартуда. Сол секілді  Зәки Уәлиди Тоған, Мұхаммед Хамидулла, Абдулқадыр Қарахан сынды ислам тарихшылары Қутайба ибн Муслимнің әскерінің қатарында түркілердің де болғанын деректермен келтіруде.

Кейбір деректерде үшінші халифа хазіреті Осман ибн Аффаның (р.а.) заманында Хорасан мен Мәурәннәһірге (Сырдария мен Амударияның арасы) қарай жорықтардың басталғаны, мәурәннәһірліктермен алғашқы келісімнің осы тұста жасалғаны айтылады.

Бұл өлкелерге алғаш болып халифа Муғауияның дәуірінде, яғни 674 жылы Самарқант пен Бұхараға жорық жасалып, аталмыш қалалар мұсылман билігіне өтеді. Әрине мұндай кезде дін тарату үшін ғалымдар мен өмірін Алла жолына арнаған ерендер келері ақиқат солардың қатарында Пайғамбардың немере інісі Құсам ибн Аббас (Алла оған разы болсын) пен хазірет Османның ұлы Сағид та болған.

Әмәуи халифатының билігіне Әбдімәлік ибн Маруанның (685-705 жж.) таққа отыруымен Орталық Азияға дін тарату мақсатындағы жорықтар күшейді. Ол Құтайба ибн Муслим Әл-Бахилиді әскербасы етіп, Түркістан өлкесіне жібереді. Нәтижесінде Құтайба ибн Муслим 705 жылы Бұхараның, 706-707 жылдары Терміз бен Марының, 710-712 жылдары Самарқант пен Харезмнің, 714 жылдары Шаш пен Фарабтың қақпасын ашып, түркілерді Алланың дініне үгіттеді. Десек те, Исламның қазақ даласына орнауы 751 жылы орын алған «Талас ғазауаты» деп аталатын Атлақ шайқасымен тығыз байланыстырады. Ол кезде Орталық Азияға күн шығыстан Тан империясы үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Әмәуи халифаты ұдайы жорықтар жасап тұрды. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Әмәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер (қарлұқтар) Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін мұсылмандардың көмегіне сүйенді.

Әмәуи халифатының шығыстағы гарнизоны Түркменстанның Мары қаласында орналасқандықтан сондағы қолбасшы Зияд ибн Салих түркілердің өтінішін қабыл алып, қытай әскеріне қарсы аттанады.

751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлақ деген жерде бетпе-бет келген Таң империясының 100 мың әскері мен мұсылман араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда мұсылман араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілердің (қарлұқтардың) көмегінің арқасында жеңіске жетеді. Нәтижесінде қазақ жерінің Оңтүстік бөлігі ислам дінін қабылдай бастады. Дегенмен түркілердің исламдануы біртұтас жүрген жоқ. Түркілердің алғашқы бөлігі VІІ ғасырдың басында қабылдағанымен де, бүтіндей бір имани сенімнің астына бірігуі екі-үш ғасырға созылды.

Ислам тарихын зерттеген ғалымдар мұсылмандардың өзге елдерге жасаған жорықтарын «жаулап алу» тұрғысынан емес, қайта «фәтх», яғни жаңа өлкелердің қақпасын «ашу» ретінде қарастырады. Яғни, өзге жерлерді күшпен жаулап алып, дінді зорлықпен насихаттау емес, қайта қалалар мен қамалдардың қақпасын ашып, Исламның таралуына жағдай жасау, содан иманға келу-келмеуді жергілікті тұрғындардың еркіне қалдыру. Орталық Азияны «ашқан» Құтайба ибн Муслимнің жанында тек әскербасылар ғана болмаған. Мұсылмандар:

لَا إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ

«Дінде зорлық жоқ», – деген қағиданы берік ұстанған («Бақара» сүресі, 256-аят).

Орталық Азияның тарихына қатысты он екі лекциясын арнаған шығыстанушы В.Бартольдтің Ислам қару-жарақтың күшімен емес, қайта мұсылман саудагерлерінің сәтті саудасының арқасында тарағанын баса айтуы да сондықтан.

Қожа Ахмет Иасауиге қатысты «Насабнамаларда» Ысқақ бап, Әбді Жәлил бап және Әбді Рахым бап секілді «Баптардың» түркі халықтарының Исламды қабылдауында үлкен рөл атқарғаны айтылады. «Баб» – араб тілінде «есік» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Орталық Азияның қақпасын ашып, жергілікті тұрғындардың жүрегіне имани-сенімді ұялатушылар, осы – баптар. Қазақ жеріне дін тарату үшін келген «ашушыларды», яғни «баптарды» жергілікті халық әспеттеп:

Сайрамда бар сансыз бап, 

Отырарда отыз бап, 

Түркістанда түмен бап, 

Баптардың бабы Арыстан бап –  деп ерекше құрметтеді.

Екінші, Х ғасырдың екінші жартысынан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезең

Қазақ даласында билік құрған хандықтың бірі – Қараһандықтар. Қараһан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды.

Қараһандықтар билігінің негізін қалаған Сұлтан Сатық Бұғра хан 955 жылы Исламды қабылдап, өз есімін «Әбділкәрім» деп өзгертті. Ол өз иелегіндегі жерлерде Ислам дінінің кеңінен таралуына жағдай жасады. Оның орнына таққа отырған Харұн Мұса қаған 960 жылы Исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Мешіттерде азан айтылып, Алланың аты ұлықталды.

Исламды қабылдаған түркілер сүнниттік бағыттағы имам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит әл-Куфи негізін қалаған фиқһ мектебін жолын өздеріне қош көрді.

Шариғат бойынша Құран және хадиске қайшы келмейтін әдет-ғұрыпты басшылыққа алуға рұқсат етіледі. Ежелден ата-баба рухын қастерлеп, олардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін ардақ тұтқан түркілер бұрынғы бабалар жолына құрметпен қарайтын. Сондықтан бабаларымыз дін мен дәстүрін сабақтастырып, өміршең ете білді.  

Қараһандықтар тұсында Хорасан, Мәурәннәһір және Орталық Азия мұсылмандары өздерінің діни бағыт-бағдарын нақтылап алды. Содан түркілер фиқһта – Әбу Ханифа, ақидада – Имам Матуриди, сопылықта – Ахмет Иасауи жолын берік ұстанды.

Әбу Ханифа мектебінің өкілдері араб емес өзге ұлттар арасында насихат жұмысын жүргізіп, ханафилік фиқһтық мектептің орнығуына күш салды. Нәтижесінде Хорасан, Мәурәннәһір және Түркістан аймағында Әбу Ханифаның діни құқықтық мектебі кеңінен тарады. Ғалымның шариғат негіздеріне арнап жазылған «Фиқһ әл-Әкбәр», «Фиқһ әл-Әбсәт» атты негізгі еңбектері медреселерде кеңінен оқытылды.

Мұсылман жұртшылығы арасында ақида саласының майталманы, «Тура жолдың имамы» («Имәм әл-Һудә») деген лақаб атқа ие болған Мұхаммед Әбу Мансұр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмұт әл-Матуриди әс-Самарқанди сунниттердің сенім мектебін дәлелдермен қуаттап, жүйелеп, бір ізге түсіреді. Оның жүйеленген сенім негіздері Әбу Ханифа діни мектебін ұстанатын Хорасан, Мәурәннәһір һәм Дешті Қыпшақтағы түркілердің арасына кеңінен тарады. Имам Матуриди негізін қалаған сенім мектебінің түркілер арасында кең тарауының себебі ол да ханафи мәзһабының өкілі еді.

Дешті Қыпшақтан шыққан Имам Әбу Мұғин ән-Насафи, Хусам ад-Дин ас-Сығнақи, Әбу әл-Ғафур әл-Кердери және Қауам әд-Дин әл-Фараби әл-Итқани секілді ғалымдар Имам Матуридидің еңбектерін зерделеп, бұл сенім мектебінің  қазақ даласында кең қанат жаюына атсалысты. Нәтижеде фиқһта – Имам Ағзам мәзһабын, имани-сенімде – Имам Матуриди жолын ұстанған түркілердің арасында мұсылманшылық рәсімдер бой көрсете бастады. Осы сеніммен бірге келген араб, парсы мәдениеті Орталық Азияны мекендеген халықтардың, яғни түркілердің салт-дәстүрлерімен сіңісіп, болашақ мұсылман өркениетінің негізі қаланды.

Сопылық танымда тариқат тізгінін ұстаған рухани ұстазды арабша «шейх», парсыша «пір» деп атайды. Яғни, «шейх», «пір» сөздері, әуелі жасы келіп қалған адамға қарата айтылса, термин ретінде рухани ұстазға қатысты қолданылады. Өз тариқатына түркілік астар берген Иасауи «шейх», «пір» атауларының орнын түркише «ата» деп бергенді жөн көрген.

«Ата» деп руханият жолындағы ұстазды атағанымен де, бұл атау тек қана Иасауи тариқатындағы шейхтарға ғана қарата қолданылғанын баса айтқан жөн. «Иасауидің шәкірттері де ел ішінде «ата» деп ерекше құрметтелген. Оның белді шәкірттерінен саналатын Мансұр ата, Сейіт ата, Хакім ата, Садыр ата, Бәдір аталар да ұстазының ілімін насихаттап, елдің құрметіне бөленген.

Үшінші, ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан кеңес үкіметі құрылғанға дейінгі кезең

Бұл кезең Шыңғыс әулетінің билігімен тұспа-тұс келіп, Қазақстан аумағы тұтастай ислам дінін қабылдады. Жошы ұлысының билеушілері Берке хан (1209-1266 жж.) мен Өзбек хан (1280-1341 жж.) Исламды қабылдап, руханият мәселесіне назар аударғандықтан да, жаңадан шаһарлар салынып, мұсылмандар саны күн санап артты. Берке ханның билігі тұсында қолға алынған медресе мен мешіт құрылыстары Өзбек ханның таққа отыруымен қарқынды түрде дами түсті.

Қараһандықтар тұсында негізі қаланған Әбу Ханифа мәзһабы Алтын Орда халқының шариғаттағы негізгі ұстынымына айналды. Осылайша, Ұлық Ұлыс – Жошы Ұлысы Ислам өркениетінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Осы тұста дін мен дәстүр толықтай сабақтасып, түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының ажырамас бөлігіне, нәр алар руханиятына айналды. Бертін келе Алтын Орда ыдырап, бірнеше хандықтарға бөлінгенде Жошы ұлысының рухани мирасқорларының бірі – Қазақ хандығы құрылды.

ХV ғасырда Керей мен Жәнібектің Алтын Ордадан бөлініп, жеке хандық құруы – қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуының алғышарты еді. Дін мен дәстүрі сабақтасқан қазақ елінің әдет-ғұрпы мен салт-санасы ислами негіздермен астарласып жатты. Фиқһта Имам Ағзам Әбу Ханифаның, сенімде – Имам Матуридидің сара жолы Қазақ хандығының негізгі тірегіне айналды. Бұл кезде Мәурәннәһір мен Түркістанда ханафи-матуридилік мектеп орнығып, Орталық Азия тұтастай бір руханияттың ішіне енді.

Қазақ хандығы тұсында екі сопылық мектеп болды. Яғни, Қожа Ахмет Иасауи негізін қалаған «иасауи» тариқаты мен Баһа әд-Дин Нақышбандтың ілімі негізіндегі «нақышбанд» тариқаты қазақ халқының рухани негізіне айналды. Қараһандықтар мен Алтын Орда тұсындағы «аталар» рухани мектебі бертін келе «ишандық» мектепке ауысты. «Ата» һәм «ишан» деп атауы екі түрлі болғанымен де, руханияттағы мән-мазмұны бір еді.

Қазақ даласында кеңінен тараған сөздің бірі – ишан. «Ишан» сөзі парсы тілінде «олар» деген мағына береді. Алайда, термин ретінде рухани ұстазға қарата қолданылады. Бұл сөз тариқат жолындағылардың негізгі тірегіне айналады. Яғни «шайқы», «пір», «ата» ұғымдарының баламасы ретінде «ишан» сөзі кең тарап, Қазақ хандығы тұсында бұл ұғым кеңінен қолданыла бастады.

Түркілерге исламды қара сөзбен емес, өлеңмен насихаттау қолдау табады. Сондықтан ұлы даланы мекен еткен бабаларымыз исламды өлеңмен насихаттады. Ақындар мен жыраулар халықты және ұрпағын имандылық мазмұнындағы жырларымен тәрбиеледі. Өлеңмен айтылған үгіт-насихат жамағаттың жүрегінің төрінен орын алды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында патшалық Ресей шоқындыру саясатын жүргізіп, христиандықты насихаттайтын кітаптарды қазақ тілінде шығарып, ел арасына миссионерлерді жіберді. Олардың әрекеттерін түсінген ахун-ишандар жергілікті мешіт-медреселерде дәстүрлі дінді кеңінен насихаттаса, ақындар діни өлеңдер мен қисса-дастандар жазып, шоқындыруға қарсы тұрды.

Төртінші, Советтік дәуірдегі қазақ даласындағы ислам

1917 жылы билікке келген коммунистер дін атына өшікті. 1920 жылдың ортасы мен 1930 жылдардың бас кезі аралығында Кенес өкіметі Ислам дініне катысты аса қатаң саясат жүргізді. Діни қауымдардың үйлері тонала бастады. Мешіттер мен діни мектептер жабылып, діни мекемелерге, мұсылмандардың қасиетті орындарына қажылық сапармен баруға тыйым салынды. Әсіресе, ауылдық жерлердегі мешіттердің көбі мектептерге, клубтарға, дүкендерге немесе жай ғана шаруашылық қоймаларына айналды. Діни қызметкерлер қудаланып, революцияға карсы қимыл-әрекеттерге катысты деген айып тағылды.

20-шы жылдардың соңы мен 40-шы жылдардың басында орын алған араб әрпінен алдымен латын, ал сонан соң кирил алфавитіне ауысты.

Қазақтардың басым көпшілігі арасында дін қызметкері Алланың ілтипаты ауған адам ретінде зор құрметке бөленді. Алайда, жаңа әліпбиге көшкеннен кейін дін басылар өздерінің рухани ахуалға ықпалын едәуір жоғалтты. Мешіт «мәдени орталық» болудан қалды. Мешіттердің жаппай жабылуы, мұсылмандар қауымдастықтарының қудаланып, таратылуы, мұсылмандық білім беру жүйесінің күйреуіне апарып соқты. Коммунистер кеңес одағына қараған Орталық Азияда атеистік қоғам орнатуға тырысты. Десек те, олар мың жылдан аса рухани тарихы бар қазақ халқын иманынан айыра алған жоқ. Баба жолына берік көнекөз қариялар имандарына берік болып, құлшылықтарын жалғастыра берді. Тіпті, Мұқағали Мақатаев секілді ақындар:

Сатқан емес, сатпаймын дінімді мен,

Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем.

Алла есімі – жүрегім жұдырықтай,

Жүрегімнің соққанын біліп жүрем, – деп, өз имани-сеніміне берік екенін танытты.

Қадірменді жамағат!

Қазіргі күні мінекей қазақ халқының Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы деп аталатын діни-руханияттық басшылық жасайтын республикалық ислами діни бірлестігі бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.

1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абдулғаффар Шамсутдинов (1884-1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856-1957) сайланады. Қазақстанда қазият құрылып, А.Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қаласының имамы қызметін атқарды.

1952-72 жылдар аралығында Сәдуақас қажы Ғылмани (1890-1972),

1972-79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932-1997),

1979-1990 жылдар аралығында Рәтбек қажы Нысанбайұлы қази болды.

Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасты.

Рәтбек қажы Нысанбаұлының ұйымдастырумен 1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы өтіп, нәтижеде дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың алғашқы төрағасы, Бас мүфтиі болып Рәтбек қажы Нысанбаев хазірет сайланды.

ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайында Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет сайланды.

2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының VII құрылтайында Маямеров Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Бас мүфти болып сайланды.

2017 жылдың 18 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының VIII құрылтайында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ораз Бас мүфти болып сайланды.

2020 жылдың 7 ақпанында Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының ІХ құрылтайында және 2024 жылдың 26 желтоқсан күні өткен Х құрылтайында Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов хазірет Бас мүфти болып сайланды.

Діни басқарма өз кезегінде бірқатар құрылымдардан тұрады:

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти,

ҚМДБ Ақылдастар алқасы,

Ғұламалар кеңесі,

Қамқорлар кеңесі,

ҚМДБ-ның төралқасы,

Аппарат жетекшісі

Діни істер, Шариғат және пәтуа, Уағыз-насихат, Оқу-ағарту, Мешіт істері, Халықаралық байланыс, Хаттама, Қажылық және өзге де бөлімдер жұмыс жасайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бүгінде бабаларымыздың сара жолын қайта жаңғыртып, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөліп келе жатқанын баса айтқан жөн.

Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептің ерекшелігін айтар болсақ:

  1. Жеті атаға дейін үйленбеу.

Қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 23-аятында үйленуге харам етілген

әйелдер туралы ашық баяндалған. Екінші халифа Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) жақын туысқандарына үйленуді әдетке айналдырған Бәни Сәйбтерге: «Аурушаң (кем-кетік туылу) болып, ұсақталып кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер»[1] – деп әмір етуі жақын адамдар арасында шәһуат қалауының аз немесе әлсіз болатындығын білдірген. Бұл әлжуаз ұрпақтың дүниеге келуіне арқау болады.

Медицина ғылымының докторы Ғиззуддин Фараж: «Жақын туысқандардың арасындағы некелесу – сол отбасындағы тұқым қуалайтын ауру және жаман қасиеттердің өмірге келген баланың бойында арта түсуіне себеп болады. Ал жат кісілер арасындағы некелесу – бұл тұқым қуалайтын ауру немесе жаман қасиеттерді азайтады»[2], – деген. Демек қазақ халқындағы жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алысу шариғатта негізі бар дәстүр дей аламыз.

  1. Беташар.
  2. Әмеңгерлік.
  3. Келіннің сәлем салуы.
  4. Домбыра тарту.
  5. Көрімдік сұрау.
  6. Иіс шығару.
  7. Жеті нан тарату.
  8. Тұсаукесер.
  9. Ас беру

Биыл мінекей Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Алла Тағала Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағына айналған діни басқармамыздың әлі де өркендеп, ел руханиятына қызмет ете беруін жазғай!

Жаратушы Жаппар Иеміз жұртымызға амандық, халқымызға береке беріп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

[1] Әл-Мүғни ғән хамлил әсфар фи тәхрижи мә фил ихяи минәл әхбар лил Хафиз әл-Ғирақи әл-мадбуғ ғәлә һамиши ғұлумуддин лил Ғаззали, Дәр ибн Һайсам, 1-том, 473-бет.

[2] Махмуд Абдулхамид әл-Ахмад, Дирасатүн фис сақафатил исламия уәл фикрил муүғасир, Дәрүл фикр, Димашық. – 2004.127-бет.

Дереккөз: ҚМДБ, Шариғат және пәтуа бөлімі

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2024: МҮФТИЯТ ЖАҢА МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

2024 жылы ҚМДБ Цифрлық даму бөлімі Мүфтият жүйесін цифрландыру бағытында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды.

Бөлім меңгерушісі Тимур Орынханның айтуынша, Рамазан айы қарсаңында muftyat.kz сайтына Қазақстан бойынша 6 мыңға жуық елді мекеннің координаттары енгізіліп, «2024 жылға арналған Рамазан кестесін жүктеу» қызметі іске қосылды. Нәтижесінде, бір айдың ішінде 2,7 миллион рет ораза кестесі жүктелді.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2020 жылы іске асқан QURBAN2020 жобасы бүгінде qurban2024.kz атауымен жаңа форматта жұмыс істей бастады. Бұл сайтқа заманауи дизайн, автоматтандырылған төлем жүйесі, жаппай SMS тарату және жетекші банктермен интеграция қосылды.

MUFTYAT APP мобильді қосымшасы іске қосылып, қолданушыларға діни басқарма жаңалықтары, пәтуалар, мақалалар, сұрақ-жауаптар, кітаптар, дәрістер мен уағыздарды ұсынатын платформаға айналды. Бұл қосымша алдағы уақытта жаңа функциялармен жетілдіріледі.

Ал қажылық маусымында іске қосылған Qajy Guide қосымшасы қажылар мен ұмра өтушілерге арналған тегін цифрлық көмекші болды. Қосымшада виртуалды тур, қажылық пен ұмраны өтеу тәртіптері, дұғалар, кітаптар, карта, хабарламалар және туроператорлар тізімі секілді ақпараттар қамтылды» дейді бөлім меңгерушісі.

Сондай-ақ Цифрлық даму бөлімінің ұйытқы болуымен 2024 жылы діни бағыттағы сұрақтарға жауап беретін fatua.kz сайты жаңартылып, заманауи интерфейспен қайта іске қосылды.

СУРУРИЯ – ДІНИ-САЯСИ АҒЫМ

Тарихқа зер салар болсақ, дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кеткен ағымдар аз болмаған. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен, идеологиясы мен принципі өзгере қоймағаны баршылық. Бұл жайтты теріс пиғылды діни топтар өз мүддесіне пайдаланып келеді. Осы арқылы дәстүрлі Ислам дініне, сондай-ақ қоғамның ұлттық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізуде. Соныиен қатар халқымыздың салт-санасына қараспай, қалың жұртшылық арасында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Бұл мақалада сондай топтың бірі сурурия ағымына тоқталамыз.

Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Яһудилер жетпіс бір топқа бөлінеді. Христиандар да солардай жетпіс екі топқа бөлінеді. Ал менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді» – деген (Әбу Дәуіт). Бұл хадиске сүйенер болсақ, мұсылмандар өзара бірнеше топқа бөлінетіндігі меңзелген. Әбділқаһир әл-Бағдади өзінің «әль-фарқ байн әл-фирақ» атты доксографикалық туындысында бұл хадистің сенімді жолмен келген бірнеше риуаятын келтірген.

Бірінші нұсқасында «Яһудилер жетпіс бір, жетпіс екі топқа бөлінеді. Христиандар да солардай жетпіс бір, жетпіс екі топқа бөлінеді. Ал менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді» – деген (Әбу Дәуіт). Екінші нұсқасында Абдулла ибн Әмірден риуаят етілген хадисте: «Израил ұрпақтарына келген жағдай менің үмбетімнің басына да келеді. Олар жетпіс екі тармаққа бөлінді, ал менің үмметім бір тармаққа артық, яғни жетпіс үш тармаққа бөлінеді. Бір тармақтан басқалары тозаққа түседі» деген (Тирмизи). Үшінші нұсқасында хадис Анас ибн Мәліктен риуаят етіледі. Ол риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Шын мәнінде, Израил ұрпақтары жетпіс бір тармаққа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс екі тармаққа бөлінеді. Олардың барлығы тозаққа түседі, тек біреуінен өзгесі. Олар – жамағат (көпшілік)», – деген (Ибн Мәжа). Жоғарыда риуаятта келтірілген сахабалардан бөлек Әбу Дарда, Джабир, Әбу Сағид әл-Худри, Убай ибн Кағб, Абу Умама секілді сахабалардан да келген риуаяттар бар. Қазіргі уақытта осы хадисте ескертілгендей, Ислам дінін реформалағысы келетін түрлі топтардың пайда болғаны бәрімізге белгілі. Ол топтар сенім мәселесіне негізделген болса, кейбірі құлшылық жайына негізделеді, ал қайсыбірі саяси жүйемен негізделген.

Бүгінде «Суруриттер» деген атаумен белгілі болған саяси-діни ағым мүшелері белең алған. Суруриттер негізінде сәләфиттік бағыт ретінде танымал болғанымен, негізгі ұстанымдары «Ихуан муслимин» саяси ұйымының идеяларын негізге келеді. «Ихуан муслимин» (Мұсылман бауырлар) – мұсылман әлеміндегі саяси ұйымның бірі. Бұл ұйымды 1928 жылы мысырлық саяси қайраткер Хасан әл-Бәнна (1906-1949 жылдары өмір сүрген) құрады. 

«Ихуан муслиминнің» саяси қозғалыстағы реформаторлық көзқарастары мен ұстанымдары кейбір ислам елдеріне тез тарады. Бұл күндері «Ихуан муслимин» идеологиясынан нәр алған діни-саяси ұйымдардың араб елдерінің аумағынан тыс жетпіске жуық мемлекетте өкілдіктері бар. «Ихуан муслимин» партиясы Палестина, Сирия, Ливан, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы аумағында белсенді жұмыс істей бастады. «Ихуан муслимин» идеяларын негізге алған көптеген жаңа қозғалыстар пайда болды. Мысалы, «Ихуан муслиминнің» өнімі ретінде Палестинадағы «Хамас», Ирактағы «Хамас әл-Ирак» және Ливандағы «Қууат-уль-Фаджр», сондай-ақ, халықаралық «Хизбут Тахрир», «Тәкфир уәл-Хижра», «Әл-Кайда», «ИШИМ» секілді саяси-әскери қозғалыстарды айтсақ болады. «Ихуан муслимин» қозғалысы Ислам негіздері мен қағидаттарына сүйенген «Ислам мемлекетін құру керек!» деген жолды ұстанады.

Сурурит қозғалысының негізгі көсемі болып есептелетін Мұхаммед әс-Сурур (1938-2016 жылдары өмір сүрген) Сирияның Харран қаласында дүниеге келген. 1950-1960 жылдары «Ихуан муслимин» ұйымының белсенді мүшесі, ресми тұлғасы болған. Кейіннен ол ұйымнан шығып, өзінің саяси көзқарастарын Сауд арабиясында таратқан. Мұхаммед әс-Сурур Сауд Арабиясында офицер ретінде әскер қатарында болған. Сондай-ақ «Имам» Ислам университетінде ұстаздық қызметін атқарған. Кейін Сауд Арабия билігін күпірлікке шығарып, араб елдерінен қашып, Ұлыбританиядан пана тапқан. Сәйд Құтыптың «әділетсіз патшаға қарсы шығу керек» деген идеяларын жалғастырған. Сол кездегі ихуандарды дәстүрлі сүнниттік бағытты ұстау жолында реформа жасауға шақырған.

1967 жылы Сирия үкіметінің ихуандармен қақтығысуы нәтижесінде Мухаммед әс-Сурур Сауд Арабияға қашады. Осында жүріп, өз насихаттарын жүргізеді. Оның ең белсенді шәкіртінің бірі – Сәлман әл-Ауда кейін осы Сауд Арабиясындағы суруриттердің көшбасшысына айналады.

Мұхаммед әс-Сурур сол кездегі сәләфи ғалымдарының Сауд Арабия мемлекетіне шағымдануына байланысты Ұлыбританияға қашуға мәжбүр болды. Суруриттердің сенім мәселелері – Ибн Тәймия мен Сәйд Құтып сенім негіздерінің қосындысы. Негізінен суруриттер «мемлекет билігі кәпір елдермен қарым-қатынас жасамауы тиіс» – деп санайды. Сауд Арабиясындағы суруриттер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпірге жатқызады. Бұл топта Ибн Тәймия мен оның идеяларын саясиландырып, жалғастырған Мұхаммед Абдул Уаһабтың көзқарастарын ұстанады. 

Сарапшылардың тұжырымы бойынша, суруриттердің діни дайындығынан өткен адамның радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады. Суруриттер өздерін мұсылман санайтын, бірақ намаз оқымаған адамдардың иманында күмән бар деп санайды. Олардың ішкі дүниелері мен көзқарастары мүлдем бөлек. Ал мұндай теріс сенімдегі ағымдардың қоғам бірлігі мен ынтымағына, оның өсіп-өркендеуіне зиян тигізері сөзсіз. Әлемдегі мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың насихат жүргізуіне тыйым салған, тіпті ресми тіркеуге де алмаған. Аталмыш ағым халқымыздың ұстанатын дін жолын қате деп, ел ішіндегі бірлікті жоюға тырысып, діни радикализмге бейімділік танытады.

Жалпы, мұндай дін атын жамылып, шынайы Исламға залалын тигізуші адасқан ағым өкілдерінің сөзіне құлақ салмас бұрын, олардың тарих сахнасында пайда болу себептері мен мақсаттарына мән беріп, зияндылығы анықталған жағдайда ел болашағы мен мүддесі тұрғысынан сарапқа салып, қажетінше оларға тиісті шара жасауды талап ететіндігі даусыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің тыныштығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіретін мұндай ұйымдардан сақ болайық!

Алла тағала елімізді алауыздық пен бөлінуден сақтағай!

Бектұрсын УӘЛИЕВ,

Қостанай облысының бас имамы

«Мұнара» газеті, №22, 2024 жыл

САНСЫЗБАЙ ШОҚАНОВ – ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі Сансызбай Шоқанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Ең алдымен Сансызбай Құрбанұлы қала, аудан бас имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында «Уағыз айту әдебі» тақырыбында семинар өткізіп, облыс имамдарының толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Сапар аясында Сансызбай Құрбанұлы құптан намазы алдында мешітке жиылған жамағатқа «Ілім алу» тақырыбы төңірегінде уағыз насихат жүргізді.

Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасының орынбасары наиб мүфти жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, қайырымдылық жасау, көмек көрсету, зекет шығарудың маңыздылығы мен сауабы туралы кеңінен айтты.

Return to Top ▲Return to Top ▲