СҚО/// «ҚОЖАХМЕТ ХАЗРЕТ» аудандық мешітіне наиб имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Ахметов Арман 2023 жылдың 15 қыркүйегінен бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының «Қожахмет хазрет» аудандық мешітіне наиб имам болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы келіп наиб имамды мешіттің жамағатына таныстырды. Сонымен бірге бас имам ауылдағы мұсылман қауымы, жастар және жамағат арасында ислам дінін күшейту барысында атқарылатын жұмыстар туралы айтып, мешіт имамдарына міндеттер жүктеді. Өңірдегі мешіттер арнайы діни жоғары білімді қызметкерлермен толығуда. Жас мамандардың мұндай қызметке келуі жастар арасында имандылықты, рухани құндылықтарды күшейтеді,- деді бас имам Хамзат Қажымұратұлы.

                                    Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲