Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда өткен «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады.
Марапаттау рәсімінде халал индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорындар, сапалы өнім өндірушілер, сонымен бірге халал стандарттарын жетілдіруге атсалысқан мамандар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл игі дәстүр адал еңбекті ынталандырып қана қоймай, халал саласында сапаны арттыруға және әділ бәсекелестікті дамытуға серпін береді.
«Үздік мамандар»:
- Ақылбек Амангелдіұлы
- Іздібай Бегенұлы
- Мақсат Аманжолұлы
- Дархан Даярбекұлы
- Айгүл Оралбайқызы
- Жанат Ахметқызы
- Жансая Шалқарқызы
- Ақмаржан Ержанқызы.
