Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданына қарасты Явленка ауылында аудандық мешіттің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті. Игі шараға өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Дәуренбек Қабиболлаұлы арнайы қатысты.
Мәуліт кешінің басты мақсаты – адамзаттың ардақтысы, пвйғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген мерейлі мейрамды насихаттау, оның көркем мінезі мен өнегелі өмір жолын жамағатқа үлгі ету болды.
Кеш барысында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірі мен ислами құндылықтар жайлы уағыздар айтылып, имандылыққа, бауырмалдық пен сабырлылыққа шақырулар жасалды. Іс-шара соңында жамағатқа дастархан жайылып, қатысушылар бірлік пен берекеге толы отырыстың шапағатын сезінді.

