«Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірестігінің өкілдері дін жолында да барынша берген – солар. Дәлірек айтқанда, сол. Неге десеңіз, ол күні бірлестіктің төрағасы Саип Байдуев өзінің отбасы атынан дастарқан жайған еді. «Вайнахтың» бүкіл мүшелерінің атынан өткен жексенбіде берілген екінші ауызашарға көп жамағат жиналды. Өңір орталығындағы бүкіл диаспоралардың өкілдерін ауызашарға шақырған шешен-ингуштар қонақжай екендіктерін көрсете білді.
Ауызашарда бірнеше диаспораның жетекшілері ақ тілектерін білдірді. Жиналған жамағат ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының Рамазан айының қадір-қасиеті туралы айтқан уағызын ден қойып тыңдады.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі