Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с): «Расында, күндердің ең абзалы – жұма», -деген (Әбу Дауд). Өткен аптада, нақ осы күні «Қызылжар» орталық мешітінде тәжік диаспорасының өкілдері ауызашар берді. Сан жағынан көп әрі дінге де берік бұл диаспора дастарқанына шақырған ауызашарға жамағат жылда көптеп тоғысады. Биылғы ауызашар да осылай болды: жиналған жамағат екі асхананы және тағы бір бөлмені де толтырды. 370-ке жуық адам жиналған ауызашарда мұсылман диаспораларының жетекшілері мен Атамбай қажы Әлжанов тәжіктерге игі тілектерін білдірді. Ал ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы мен наиб имам Мұхаммад-Құтб Файзиев сауабы сансыз Рамазан айы туралы уағыз айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі