СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің нәзік жанды намазхандары – қажы әйелдер әрдайым барынша белсенді. Халқымыздың қашанғы салтын өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жадымыздан шыға бастаған шынайы дәстүрлерді жаңғыртып, әсіресе, бала тәрбиесіне басымдық беретін олар ай сайын айшықты шараларға қатысып келеді.
Міне осы адамдар мешітте әжелер мектебін ашуға ұйтқы болды. Жұма күні ҚМДБ-ның өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы олармен кездесу үстінде осы жайт хабардар етілді. Кездесу барысында осызаманғы өзекті мәселелер, оның ішінде қыз балаға тәрбие берудің жай-күйі талқыланды.
Кездесу соңында әжелер мектебінің жоспары әңгіме арқауына айналды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі