«Әйелдер-қыздар» секторы меңгерушісі іс-сапармен Ақмола облысына барды (ФОТО)

ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызы «Насихат» қоғамдық бірлестігінің арнайы шақыртуымен Ақмола облысының орталығы Көкшетау, Степнагорск қалалары және Бурабай ауданында іс-сапармен болды.

А.Тілегенова бірінші күні, алдымен Сектордың Ақмола облысы бойынша бөлімінің жанынан ашылған «Айғаным» клубының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ол сондай-ақ, жергілікті әйел жамағатымен кездесіп, оларға мұсылман әйелдің қоғамдағы орны тақырыбында уағыз айтты. Нәзік жандылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Исламтанушы сапарының екінші күні Степногорск қаласы мен Бурабай аудандарының ұстаздары және әйелдер жамағатымен кездесіп, оларға Исдамдағы ынтымақ пен бірлік, қоғамдағы әйелдердің орны, бала тәрбиесі, теріс пиғылдағы ағымдардан сақтанудың жолдары, еліміздегі діни ахуал, шүкіршілік және т.б. өзекті тақырыптарда дәріс оқыды.

Сонымен қатар, жамағаттың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру үшін жеке кездесулер өткізді.

Қазіргі таңда «Әйелдер-қыздар» секторының бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Арулар мектебі» сияқты қоғамдық клубтар ашылып, дінаралық татулық пен тұрақтылық, отансүйгіштік, ынтымақ пен бірлік, салт-дәстүрді жаңғырту, деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелерімен және қыз балаларының тәлім-тәрбиесін жетілдурімен айналысуда.

 

ҚМДБ «Әйелдер-қыздар» секторының баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲