Ислам қаржыландыру жүйесі әлем назарында

Ислам банктері жылдан-жылға дамып, өсіп келеді. Al-Hayat басылымының хабарлауынша, ислам экономикасының жалпы көлемі 4 триллион долларға жеткен.

Ислам қаржыландыру жүйесі әлемдегі барлық қаржы мекемелерінің қызығушылығын тудырып отыр. Мәселен, қазірдің өзінде ислами банк активтерінің құны 1,5 триллион долларға бағаланып отыр. Ал 2015 жылға қарай бұл сан 2 триллион долларға өседі деп болжануда.

Ислам активтері негізінен Малайзия, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктеріне шоғырланған.

2012 жылы Парсы шығанағындағы араб елдерінің ислами банк активтері 445 млрд долларға бағаланып, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 55 млрд долларға артқан екен. 2013 жылы Дубайда ислам экономикасы бойынша Бүкіл әлемдік саммит өтеді.

www.muslim.kz

 

Return to Top ▲Return to Top ▲