Ораза айт мерекесіне арналған рухани кеш

Қасиетті Рамазан айы да көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадис шарифінде: «Уа, Әбу Бәкір, әр қауымның өз мерекесі бар, біздің мейрамымыз осы» (Фәтхул-бари, 949) деп меңзеп кеткен мерекесі де келіп жетті. Ораза ұстаған мұсылман жұртшылығы бес парыздың бірін аман-есен атқарғанына қуанып, үш күндік айт мерекесін есте қаларлықтай жақсы етіп өткізуге тырысады.

Осыған орай ғасырлар бойы халқымыздың иманын күшейтіп, рухын биіктете түсуге өлшеусіз үлесін қосып келген  тәрбие құралы, қазақы пәлсапа мен данышпандықтың көзі, текті сөздің төресі – терме мен айтыстан қызылжар өңірінің барша жұртшылығына деп рухани кеш ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешіті, сондай-ақ өңіріміздегі қалалық «Нұр» мешіті мен «Мухсин» мешітінің арнайы шақыртылуымен келген Ақмола облысы Көкшетау қаласынан аты шыққан белгілі айтыскер,  жастайынан суырып салмалық хас өнердің биігінен көрініп келе жатқан талантты ақындардың бірі Арман Бердалин және Павлодар облысынан ат терлетіп келген танымал айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың қатысуымен өткізілген кеш С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына өткізілді.

Айт мерекесіне ұйымдастырылған кеш қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Солтүстік Қазақстан облысы өңірінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы сөз алып, жиналған қауымды ораза айт мерекесімен құттықтады. Кеш әсем әнмен жалғасын тауып, көрерменнің көңілін тартты.

…«Рамазан- қасиетті бір ай екен

Бұл ай Аллаһқа ұнайды екен…» деп кешті бастаған Арман Бердалиннің басқа да  әндері, домбыраның тербеткен үні, ақындардың ғибратқа толы өлең-жырлары мен діни термелері көптеген көрерменнің көзіне жас алдырды.

Кеш соңында тарасқан жұрт та бір жасап қалғандарын айтысып, асыл дінімізді  өлең-жырлары арқылы насихаттаған ақындарымызға өз алғыстарын  білдірді.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

                                                                           баспасөз хатшысы

 DSC00100

Return to Top ▲Return to Top ▲