Шал ақын ауданының «Сейдахмет хазрет» мешіті де бір топ нәзік жандыларды, 8- наурыз Халқаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мешіттің найб имамы Ислам дінінде аналардың алар орны ерекше, бұл жайлы Алла елшісі (с.а.с): «Анаңды Меккеге арқалап апарсаңда міндетіңнен құтыла алмайсың»- деген хадис жайлы түсінік берді. Құттықтау сөзінде найб имам мүсылман діні әйелдерді құрметтейтінін айтып, мешіт меймандарына сый сияпат жасады.